Қауырсын көңіл.
жеке
блог

Қауырсын көңіл.

Қауырсын көңіл,қағаз жүректің назы бар.

Бүгінгі күнің ертең тарих боп жазылар,

Көзімен емес жүректерімен сүйеді.

Тауда жетілген табылмас дара тағылар.

Көзінде күлкі,жүзінде ерлік табы бар.

 

Түнерген түйсінетін тау қабағын,

Өзгеме,алмастырмас таңдағанын.

Өзеннің өр мінезін алып өскен,

Тау тұлға ұландарға таң қаламын.

 

Көңілді түсірместен күлегей күн,

Тектіге тағылымсызды теңемеймін.

Хан болсаң қара болсаң өзіңе аян

Дүниенің кемшілігін елемеймін.