Тау ұлымын

                Тау ұлымын
жеке
блог

Тау ұлы едім, тау басында туылған.
Ит көйлегім тас бұлаққа жуылған.
"Таудай бол" деп бата беріп бір кезде.…
Әкем мені ұшырған ед тұғырдан.

Содан бері азды көпті өтті жыл.
Таудай биік мен болмадым текті ұл.
Оқу оқып бастық болам деп қоям.
Кім біледі бекер өтті бек ғұмыр.

Таудың ұлы қала ұлына айналған.
Интернет пен телефонға байланған.
Тас қалаға тас бауырлап жабысып.
Тау туралы анда-санда ойға алған.

Бәріде бар бұл қалада керектің.
Ордасы бұл төбелес пен егестің.
Бар ғаламды көз алдыңа әкелер.
Ақшаң болса ғалам торға не жетсін.

Деп жүрушіем, бүгін бірақ безіндім,
Қолымдағы телефонда жауы екен көзімнің.
Қабат-қабат тас үйлерден Құдай-ау,
Шаңырағынан күнінің нұры төгілген,
Қазақ үйім артық екен өзімнің.

Артық екен ғаламторсыз сол дала,
Табынбайтын балгерге де балға да.
Елді тастап білім іздеп келген соң,
Жанға демеу айтар сылтау сол ғана.