"Махаббат мұңы"

                  Махаббат мұңы

Ей, махаббат мен сенімен кектененмін,

Жанарымнан жасымды төккен едің.

Ғашығымнан айырылып кете бардым,

Сол үшін де мен сені жек көремін.

 

Неге маған ендігі қарап тұрсың,

Білмейсің ғой сен оның анықтысың.

Жүрегімнің бөлшегін жұлып кеттің,

Сол үшін де сен мен үшін айыптысың.

 

Сен бәлкім, тағдырымның сынағысың?

Бәлкім менің қайғымның сыңарысың.

Жалғыз болып қалған осы кезімде,

Ей, махаббат,бәріне сен кінәлісің!

© Заманбек Тілекқабылов

#Жасақын#Авторлықөлең



Бөлісу: