Сезініп көрдім...
жеке
блог

Сезініп көрдім...

Шын махаббатқа кезігіп көрдім

Бір адам үшін езіліп көрдім

Өзіңмен жаным жолыққан сәттен,

Бақыт дегенді сезініп көрдім

 

Бір жанды ғана ойлайтын болдым

Көркіңе қарап тоймайтын болдым

Сол күні сені көргеннен бастап,

Желіге сурет қоймайтын болдым

 

Қосылып бірге жабыға білдім

Қарағаннан-ақ бағына білдім

Алғаш рет сені таныған сәттен,

Қашықтықтарда сағына білдім

 

Сенсіз еш жерге бармайтын болдым

Сен қалағанды таңдайтын болдым

Екі жыр жазсам, біреуін саған,

Шын жүрегіммен арнайтын болдым

 

Шын махаббатқа кезігіп көрдім

Бір адам үшін езіліп көрдім

Сол күні сені көргеннен бастап,

Сүю дегенді сезініп көрдім