«Босанайық есірткі құрығынан»

«Босанайық есірткі құрығынан»
жеке
блог

Қызылорда ОIIД ЕБҚКБ

                                                                                                         тарапынан жарияланған сайысқа

 

«Босанайық есірткі құрығынан»

Кешегі қайран кетіп қырағылар,

Бүгінің жаман іске жиі ағылар.

Деміңе ләззат берсе ол есірткі,

Деніңе өмір бойы зияны бар.

Шын мықты бар сынақты кесіп өтер,

Сүрінбей санасымен шешім етер.

Дертінің емі де жоқ есірткіге,

Есі ауысқан адамның есі кетер.

Адаспаса ақылды ұл, саналы қыз,

Жұмырлықпен жазар ек жараны біз.

Есірткіні шеккендердің кесірінен,

Жатыр-ау жапа шегіп ғаламымыз.

Дүние денсаулық деп қылып ұран,

Аттамай ұлылықтың ұғымынан.

Бодандықты сүймейтін бабалардай,

Босанайық есірткі құрығынан!

 

Тулепбергенов Бекзат Кайратович,

Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы,

                                                                             №273 орта  мектептің 9 «Ә» сынып оқушысы