Ана, сіздің келініңіз...
жеке
блог

Ана, сіздің келініңіз...

Ана, сіздің келініңіз...

Байлық, мансап емес басты мақсаты,
Ұнатпайды, мал-мүлікті жиғанды!
Ақыреттің бүгін қамын ойлайтын,
Ана, сіздің келініңіз- ИМАНДЫ.

Ашуланып кетіп жатсам артықтау,
Сабырлыққа ылғи мені шақырды.
Мәселені шешетұғын байыппен,
Ана, сіздің келініңіз- АҚЫЛДЫ.

Кішілерге көрсетеді қамқорлық,
Үлкендерді құрметтейді ұдайы.
Бөлектемей сыйласатын бәрімен,
Ана, сіздің келініңіз- СЫПАЙЫ.

Бала күннен тұла бойға сіңірген,
Қызға тыю керектігін қырықты.
Шәй беретін өзіңізге еркелеп,
Ана, сіздің келініңіз- ҚЫЛЫҚТЫ.

Біздің үйге, айдын көлге егерде,
Аққу құсым ұшып келіп, қонса- бақ.
Өлеңдегі ару қыз бұл- өмірде,
Ана, сіздің келініңіз БОЛАШАҚ.

Нығыметов Нұр 26.03.2017 20:45