Алғыс айтам тағдырыма жолықтырған өзіңмен!
жеке
блог

Алғыс айтам тағдырыма жолықтырған өзіңмен!

Менің жаным сыр шертетін тек қана ақ параққа 

Сен келдің де өмірімді алыстаттың мұңдардан 

Үйреттің сен кешіруді, сүрінбеуді сынаққа 

Жүрегіме ала келдің өзіңменен ізгі арман...

Мен сонда ұқтым, 

Ақын жазса, жалғыздықтан жазады.

Күйбең тірлік, сүйген адам алмаса егер мазаны...

Ал жаныңда жүрсе егер өліп өшіп сүйгенің 

(Параққа емес сол адамның нөміріне жазады)

Менің айтар алғысым көп бағалаймын сүйгенім,

Сенің ыстық сезіміңнен мен ерекше күйдемін...

Жұмыс, тірлік, шаршау бәрі ұмытылар өзіңмен 

Құшаққа алып, иіскесең көзімнен...

Алғыс айтам тағдырыма жолықтырған өзіңмен,

Қуанышты болып жүрші, күлкі кетпей жүзіңнен.!