Жаңа заман өлеңіне қарап тұрып, Ақын болғым келмейді енді менің...
жеке
блог

Жаңа заман өлеңіне қарап тұрып, Ақын болғым келмейді енді менің...

  • Қуаныштан жүз жыласа бейнем бір 
    Өлең,өлең 
    Бұл жүрекке енбей жүр 
    Тыым алыстап Өлең менен кетті әні 
    Оралсаңшы..дей бердім 

    О,Ұлылық 
    Сен биіксің сөзім жоқ 
    Болған еді өзің барда көзімде от 
    Бұрын-бұрын сен болып ең жанымда 
    Сен ұштыңба? 
    Бұрынғыдай сезім жоқ

    Шабыт келді, 
    Ұлы ақынға қайтты әні 
    Түк болмады бұл өлеңнің айтқаны 
    "Браво"-деп қол соққанмен Дендерім 
    "Құлама"-деп ешкім әлі айтпады

    Қайта тұрдым 
    Алыптардан озам деп 
    Бұл фәниде менің мына жазам көп 
    Қалам,қалам 
    Оқталамын мен саған 
    Ағалардай бір өлеңді жазам деп 

    Әттең,әттең 
    Сол орнында сол қалам 
    Серік болар намыс яки ар маған 
    Өлең деген киелі ғой,киелі 
    Киеліні кір қылғанға арланам 
    Оңбағанмын,оңбаған 

    Қайран жырлар 
    Мұқан болсаң өмірсің 
    Абай болсаң әліде пәк көңілсің 
    Тек алыпқа қонатұғын ұлы өлең 
    Еріншекті не қылсын

    "Мат" қылды да өмір мені тағы ұтты 
    Әй,Ақындар түсініңдер шабытты 
    Өлең маған қонған жоқ қой бақ болып 
    Сандырақтың қажеті жоқ,жә бітті!
  •  
    КЕЛМЕЙДІ МЕНІҢ....

    Жоғары өрлеуімді жақын күткен,
    Билікке налып жүріп датым біткен.
    Тойып тұрып жегенін көрсем егер,
    Қашқақтаймын басшы мен әкімдіктен.

    Таң атқанда шабыт-өлең теңдей бітед,
    Қырсыққанда артымнан ермей кетед.
    Анасымақ "көкектерді" көзім шалса,
    Сәби болғым келмей кетед.

    Тәуелсізбін, менде енді азат болдым,
    Ғажап болдым, кейіннен аз-ақ болдым.
    Шала қазақ тілдеріне қарап қойып,
    Келмейді мазақ болғым.

    Өмірде ештеңе жоқ, солғын бәрі,
    Оңдым-дағы, кейіннен солдым-дағы.
    Қарттар үйі толғанын көрсем егер
    Келмейді болғым кәрі.

    Шындық деген шіркінің жеңді керім,
    Ақындарға қазіргі сенді ме елім.
    Жаңа заман өлеңіне қарап тұрып,
    Ақын болғым келмейді енді менің.
 
 
  •  
    Ғажап жандар
    Алғысты кей-кездері аз алғандар,
    Қызметімен ар алдында тазарғандар.
    Заманға білімді ұрпақ даярлайтын,
    Расымен ҰСТАЗ деген ғажап жандар!

    Қиындықтың көп тартып кермектерін,
    Алтыннан да құнды екен еңбектерің.
    Шалалықты кетірген сіздер барда,
    Сіздер барда бәрінде жеңбек керім.

    Мәз боласыз бала кілтін тапсаңызда,
    Жүрекпенен жүрекке үн қатсаңызда.
    Ұстаздың әр қимылы бізге үлгі,
    Бас иетін ел басқарған патшаңызда.

    Ертеңге сенімімді берік артам,
    Келемін ақылыңды теріп әр таң.
    Болашаққа жас ұрпақтың ізі қалса,
    Оның бәрі ұстазым сенің арқаң!
    Авторы:Ақтілек Орынбасар
 
  •  
    ТАҢДАУ

    ӨМІР ДЕЙТІН ОРТАСЫНДА ДӘЛІЗДІҢ,
    ЕБЕДЕЙСІЗ ЖАН ЕКЕНМІН КЕЙДЕ ЕПТІ.
    ӘЛІ ЕСІМДЕ ОТЫЗЫНДА ТАМЫЗДЫҢ,
    ӘКЕМ ТАҢДАП БЕРГЕН ШАЛБАР,КӨЙЛЕКТІ.

    ШАЛА ДА ЕДІМ,БАЛА ДА ЕДІМ ЕСІРГЕН,
    БАСЫЛМАҒАН ТЕНТЕКТІКТЕН АПТЫҒЫ.
    ӨЗІМДІ АЛДАП ЖАСЫРАЙЫН НЕСІН МЕН,
    ӘЖЕМ ТАҢДАП БЕРГЕН ЕДІ-АУ ТӘТТІНІ.

    ОЙҒА КЕЛГЕН ОЙРАН СӨЗДІ АЙТ,ЕЛІМ,
    СОЛ БІР КЕЗДЕР ӨЗІМ ҮШІН БАҒАЛЫ.
    БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЕТІП ҚАЙТЕМІН?!
    МҰҒАЛІМІМ ТАҢДАП ҚОЙҒАН БАҒАНЫ.

    БОЙЫМДА ЖОҚ МЕНМЕНСІГЕН ТҮСІНІК,
    ОЙЫМДА КӨП БІРАЗ ҰҒЫМ АР ЖАЙЛЫ.
    МЕНІҢ БЕРГЕН АУҚАТЫМДЫ ЫСЫРЫП,
    КҮШІГІМ ДЕ ӨЗІНІКІН ТАҢДАЙДЫ.

    ЖАСЫМА ДА,БІРЕР УАҚЫТ КҮЛЕ ТҰР,
    ҚАСЫМА ДА САҚТАМАЙМЫН КЕГІМДІ.
    "ТАҚИЯЛЫ ПЕРІШТЕДЕЙ ЖҮРЕ ТҰР",
    АНАМ ТАҢДАП БЕРЕМ ДЕЙДІ КЕЛІНДІ.

    ОЙҒА КЕЛГЕН ОЙРАН СӨЗДІ АЙТ,ЕЛІМ,
    СОЛ БІР КЕЗДЕР ӨЗІМ ҮШІН БАҒАЛЫ.
    БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЕТІП ҚАЙТЕМІН?!
    МҰҒАЛІМІМ ТАҢДАП ҚОЙҒАН БАҒАНЫ. 17.09.2017
  •  
    Мама!

    Қайтейін,
    Күлем бе
    Әлде мұң
    Әлегі бітпейді әрненің
    Даңғара дауы көп тіршілік
    Айтсаңшы барма емің

    Өмірім,өлеңім,ғұламам
    Қоймаппыз сөзіңе сірә,мән
    Жаныңды мен қайтсем ұға алам
    Әйтеуір құламан,жыламан

    Жыр жазам,
    Түріме қарамай
    Күлесің ұлым деп,баладай
    Анашым мұң бар ғой 
    Білемін
    Осыны ұқпаған санам-ай

    Әйтеуір 
    Кім сені ұғады
    Тірліктің ызылдап жыланы
    Жаңағы
    Соңында сол жылан
    Бәріне болады кінәлі

    Сұм жылан
    Артында адам бар
    Анашым мұңайма бағаң бар
    Үш ұлдың көрінбес әлегі
    Мен сені көтерем
    Шамам бар

    Мама
    Өмір ғой 
    Мұң менен шаттық бар
    Басыңа қонатын бақ,құт бар
    Өлеңнің құдіреті өзіңсің
    Құдіретте тек биік шоқтық бар
  •                          Мүмкін..

    "Өлең жазуға құмар,ә бозбалаң нағып,
    Өшіп қалуы мүмкін ғой маздаған шабыт".
    Бәлкім мүмкін ғой жас ұлдың рухтануы да
    Тірліктен аз ғана налып

    Ертең бітуі мүмкін-ау аз ғана тірлік
    Жасып алатын жасындай ұлды,ұқ
    Жалған болуы мүмкін-ау кіл дөкейлерден
    Шығатын шындық

    Мүмкін керек пе?
    Ар-намыс оттай жануы
    Бір-ақ секунд жүректің соқпай қалуы
    Мешіттен шыққан ибалы арусымақтың
    Әбден мүмкін ғой клубқа тоқтай қалуы

    Суып кетуі мүмкін ғой жылу арлары
    Ағаш біткеннің күн шықса сыну әр жағы
    Бір-екі тонна бояуы бар...
    Жүректердің
    Мүмкін ғой сұлу болмауы

    Ақын біткеннің болады сөзі қаруы
    Мүмкін ғой әкімсымақтың өзі налуы
    Қарттық шағында " қарт үйге"апарған ұлдың
    Мүмкін ғой өзі баруы

    P.S
    Бауырдың көремде аз дауын
    Бәрі де мүмкін-ау деймін
    Мүмкін мен өлең жазбауым
    Бірақ бұл күлкілі-ау деймін

    Мүмкін ғой...    
  • Авторы: Ақтілек Орынбасар
         Мен Ақтілектің өлеңдерін желідегі парақшасынын оқитынмын. Оның өлеңі мен үшін ең   керемет өлең болып  көрінеді. Оқыған  сайын, оқи бергің келеді... Қаламың мұқалмасын Ақтілек! Заманыңның заңғары бол! Нұрлыхан досың!