Қанатсыз періште!

Қанатсыз періште!
жеке
блог

Таңың атып, күнің батып,
Жүрген сенде пендесің.
Дені дұрыс балалық шақ,
Болмады сенде, көрмедің.
Әкең ішіп, көзің ісіп,
Талай таяқ жеп едің.
Төзе алмай бұл тозаққа,
Қалаға қашып сен келдің.
Тәрбиенің аздығынан,
Өмірдің сұмдығынан,
Қаржының жоқтығынан,
Көрінгеннің қолында,
Кеткеніңді сезбедің.
Ол кезде жаманды жаман демедің,
Уақыттың тез өтерін жастықпенен білмедің.
Өміріңнен мағына, іздеп, таппай шаршадың,
Туылсаң сен қайтадан, жаңа –өмір бастарсың.

12.11.2015ж, Алматы
© Шиелінің жігіті
#Шиелініңжігіті #өлең

Суретке сілтеме:
http://www.budu-koroleva.ru/alla-folsom-otvechaet-na-vopros…