Неге келдім?
жеке
блог

Неге келдім?

Келгеніме өкіндім,
Өмірімде көрген,
Ең жаман, туған күн.

Бірін бірі сыйламайтын,
Айтқан сөзді тыңдамайтын,
Надандардан жирендім.

Арақ үшін араздасып,
Карта үшін қырқысып,
Әкелген бір сыйлық жоқ,
Не айтылған лебіз жоқ.
Рухани азып-тозып,
Көңілім сөзсіз сөніп,
Бейшара бір күй кештім.

Оңымен соңын айырмай,
Не болса соны оттайтын,
Құдайдан да қорықпайтын,
Аман болсын достарың.

2015ж

©Шиелінің жігіті
#Шиелініңжігіті #Өлең

Суретке сілтеме: https://www.stihi.ru/2013/04/19/10607