Жазығы не?
жеке
блог

Жазығы не?

Зымыраған жылдамдық,
Спидометр жүз қырық,
Ажалына асығып,
Жүріп барад топ көлік.

Дала болса тастүнек,
Қара жолда ескіред,
Ойық-ойық жолдармен,
Ессіздер есіп жөнелед.

Зулап барад көліктері қаланың,
Қалыспайды одан көлік даланың,
Өшіруге қиынсынған шамдарын,
Қарсы келген көп көлікті аңғардым.

Сондай бір автокөлікте,
Келе жатты шаттана,
Орта буын жанұя,
Емізулі нәресте,
Анасына тығыла.

Нәрестеге ұнамады жылдамдық,
Айтар тіл жоқ, оның бәрін бұлданып,
Іңгәләйді анасына сыр шертіп,
Сезгендей ма? Нәзік жүрек бір сұмдық.

Жұбайыда жарына,
Асықпашы алтыным,
Алдымызда қара түн.
Деп қояды ақырын.

Әйел байғұс сезгіш қой,
Алаңдаулы жүрегі,
Енді мен қайтем, нетемін,
Деп отыр ғой дызақтап,
Нәрестесін құшақтап.

Солай жүрді шақырым,
Байқамады кеп қалған,
Қарсы жақтың қарқынын.

Қатты дүрсіл, қақтығыс,
Қос машина талқандалды,
Жойқын болды соқтығыс.

Жүргізуші, көп жарақат алмаған,
Ал артында сәби ғана жылаған,
Анасы ше? Неге сонша ол үнсіз?
Болып кетті ол бақилық, үмітсіз.

Үміті оның, көп еді бұл өмірде,
Естігісі келіп тұр ғой,
Сәбиінің үнінде.
Үйге жетіп, шәй берем деп ойлаған,
Амал қанша, жүрек соқпай тоқтаған.
Әділетсіз мына өмір оңбаған,
Аямайды сәбиді де жылаған.

Жедел-жәрдем керек деген бір адам,
Темір-терсек арасынан қираған,
Шырылдаған сәбиді алды абдырап,
Ол нәресте,
жаңа ғана,
анасынан айрылған.

Анамның бүгін арайлап таңы атпайды,
Неге мені шырылдатып тастайды,
Анам бүгін әнін маған салмайды,
Анам менің қасыма кеп жатпайды.
Кіп-кішкентай жүрегім,
Тілім-тілім тас қайғы,
Ала кетші өзіңмен,
Мына әлем жақпайды.

Деп айтты да,
Пәк сәби,
Жүріп кетті фәниден,
Емхананың ішінен.

Болғанын қалай білмеймін.
Мынау кінәлі демеймін.
Болар іс, енді болғасын,
Өзегімді өртеймін.

Өмір бар жерде өлімнің,
Барын менде білемін.
Жазығы не сәбидің?
Бірақ соны білмедім.

Ауырады жүрегім...


13.04.2017ж
©Шиелінің жігіті
#Шиелініңжігіті #Өлең

P.S: Алматы облысында болған, қайғылы жол апаты желісімен.

Суретке сілтеме: http://www.e1.ru/news/spool/news_id-421693.html