Шаршадым
жеке
блог

Шаршадым

Шаршадым

Шаршатты мені мына өмірдің сергелдеңі

Аларым осымеді сенгендегі?

Жолымды жауып тұрған не болды екен,

Әлде сол бойымдағы менмендігім

 

Жоқ олай ойламаймын, себебі не?

Бүгінде ,адамға адам сенеді ме?

Кеттің қайда ,бойымдағы тамшы күшім,

Соңғы үміт, арқа тірер сенерім ең.

 

Қарайды ,қаным шапты басыма да,

Керек кезде, дем беріп шынығатын.

Көрдім сені көтеріп, басына да,

Пенде қалмады-ау мені шын ұғатын.

 

Сықырлатып , тістенемін босқа жатып

Алаңдадым шөлім сәл қанарында

Соны ойлап босқа өтіп жатыр уақыт

ӨМір сенен әлі көп аларым бар

 

Өтті күндер бұралып көлденеңде

Өмірдің көп таяғында асадым

Нем қалды рухани өлмегенде

Доғарайық болды менде шаршадым

 

Қашанғы жалғасады бұл ойының

Ол үшін мен тәуекел етпедім де

ЖАлған істеріңе өмір мен тойындым

Жеңгеніңе мені ,көзің жетпедіме?

 

Алаңғасар көңілім ,алып ұшқан,

Тәуелді екен ғой, саған тағдыр.

Кеудемдегі сол сағыныш, алып ұшқан,

Өшті, енді өтінемін ,мені жалғыз қалдыр.

 

БОлған шығар бәлкім менде ,көп бұрылыс

Өмір кеп ,артыма кару сұққанша.

Өмір-ау сенде ғажап бір құбылыс,

Мәңгі осылай жүрем, соңғы дем шыққанша.