Мына заман неткен заман?!
жеке
блог

Мына заман неткен заман?!

Мына заман , неткен заман, неткен заман,
Кей пенделер санасыз иттен жаман.
Бұл жалғанда жаманның ең жаманы,
Ата-анасын ұмытып кеткен адам.

Тағы да көп жан-жарын біліп таңдар,
Ес түссіз құр ақшаға құныққандар.
 Ақшамен шешілсе де мына өмірің,
Алла алдында құны жоқ ұмытпаңдар.

Парахор көп халықтан ақша алатын,
Өз еңбегім бәрі деп мақтанатын.
Адамды алдап жүрсе де мына өмірде,
Ана өмірде сөз таппас ақталатын.

Сайтан іште имандық далада тұр,
Біз бұлайша оңбаймыз қарада тұр.
Нағыз қазақ бұлдырап кө алдымда,
Европаға айналып бара жатыр.