Тәндер тұрып қатысады жарысқа

Тәндер тұрып қатысады жарысқа
жеке
блог

Өзін-өзі әйгілеуге жанталас

Әлдеқашан басталған.

Әлеуметтік желілерде қарбалас,

Ештеңе де күтпеңіз сіз аспаннан.


 

Ішкендері қызықтырып тұрғаны ә?!

Қорықпайды көреді деп соқырдан,

Сілекейін жұтынады бір бала

Қайыр сұрап отырған.


 

Бәрі сәнді, бәрі мықты, керемет –

Өз-өзімді көтере алмай мен –ауыр!

Сұлудың аш беліндей боп шеге боп

Бұралады, әбіржиді неге ауыл?!


 

Тәндер тұрып қатысады жарысқа

Көздің жасын санап отқан жан осы.

Кеткім келіп жүргенім не алысқа?!

Ұлтта кімнің шаруасы бар осы?!

Жұлдыз БЕЙСЕК.