«Adidas» Франция құрамасының автобусын талқандады

«Adidas» Франция құрамасының автобусын талқандады

2010 жылы Оңтүстік Африка елінде өткен әлем чемпионатында Франция құрамасы өз тобында бір ұпай ғана еншілеп, келесі кезеңге өте алмай қалған еді. Бірнеше күн бұрын "мундиальда" ресми демеушісі болған «Adidas» компаниясы жақсы ырымға балап, сол ойындар алдында құрама футболшыларын алып жүрген автобустың көшірме түрінің күл-талқанын шығарды. Ал Бразилия жерінде өтетін «мундиальда» француз футболшылары «Nike» ұсынған футбол жейделерімен өнер көрсететін болады.

Естеріңізге сала кетсек, Франция құрамасы «Е» тобында Швейцария, Эквадор және Гондурас елінің футболшыларымен плей-офф жолдамасын сарапқа салады. Кеше Норвегиямен жолдастық кездесу өткізген француздар 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: eurosport.ru

О. Сансызбай