Сағыныш...

Сағыныш...
жеке
блог

 

 Жүргендейсіз хәлімді жылап- сұрап, 
Жерініп жүр ме екенсіз әлде менен? 
Екеуімізде батылмыз бірақ..бірақ..
 Екеуімізде қорқамыз әлденеден.
 
 Салдақы тағдырымнан аттап арда, 
Жанарым да моншағын жылап үзді. 
Көміп тастап жүрмін мен аппақ қарға,
 Сіз..Екеуіміз жасаған күнәмізді.
 
 Біз қайтеміз керімсал, кезді бөтен? 
Ұмыт дейсіз.. 
Жаныштап арманымды, 
Сонда сіздің жаныңыз сезді ме екен? 
"Ұмытуды" ұмытып қалғанымды. 
 
Жалғыздықтан жабығып тоңып, талдым.
 Көрінді маған тіпті күз келейсіз,
 Мен сізге тағы ғашық болып қалдым,
 Сіз не дейсіз..? 
 
Ақгүл АЙДАРБЕКОВА