ӨлеңTIME
жеке
блог

ӨлеңTIME

Қателік.

 
 Өксік кеудеде әлсін от еріп,
 Айналам "ессіз" жиын-дау.
 Жүректің ауыр жүгін көтеріп,
 Сиынбау маған қиындау.
 
 Біреулер қолда барымды сынар,
 Сонысы мені мұңайтты.
 Гүлден де нәзік жанымды ұғар,
 Жан бар деп осы кім айтты?
 
 Ессіз ғашықты торыма іліп,
 Келді ме менің аңдығым?
 "Ғашықтар" атты тобырға кіріп,
 Орнымды таппай қаңғыдым.
 
 Кіршіксіз болып ардың алдында,
 Сонда да жұрттан сын үйдім.
 Жаһанға көзді қысып қалдым да,
 Мен оған ғана жымидым.
 
 Қыршып алатын қаталмын дер дей,
 Әлсіз шығу да наз әнім.
 "Күнәһар гүл" боп аталғым келмей,
 Бейкүнә жырлар жазамын.
 
 Қаңқу сөздерің қаңғытып алып,
 Несіне жұрттар күледі-ей.
 Жанарымменен таң күтіп талып,
 Жан іздеп едім бірегей.
 
 "Құса боп әсте жерін" -дедің бе?
 Сезімің құздан құлатты.
 Дақ салып кетіп еріндерің де,
 Жанымды тағы жылатты.
 
 Өтірік бүгін алдады-ай күштеп,
 Сергелдең сезім әкеліп. 
Осының бәрін арланбай істеп,
Қайтадан сүю қателік! 
 
Ақгүл АЙДАРБЕКОВА