Сағындым сені, сыныптас

Сағындым сені, сыныптас
жеке
блог

Балалықтың аңсап бүгін шаттығын,

Көңілімді тербейді бір тәтті үн.

Қайда екенсің... сағындым сені, сыныптас,

Басшы келіп, жүрегімнің аптығын.

 

Балалықтың аңсап бүгін шаттығын,

Көңілімді тербейді бір тәтті үн.

Көрмегелі, сағынғалы өзіңді ,

Ұясына қаншама рет батты күн.

 

Қуанушы ең сабақтан сен бес алсаң,

Мұңаюшы ең абайсызда екі алсаң.

Сенің дауысың естіледі құлаққа,

Сол күндерді ойға алуға бет алсам.

Артта қалған бала күнді еске алсам,

Сені кейде ренжіттім бе деп қалам.

Тентектігім сірә, менің қалған ба...

Өтінемін кешір мені, кеше алсаң.

 

Ойын қуып, сабағымнан кеш қалсам,

Ұстазға айтып сатпаушы едің ешқашан.

Өтті міне, сонан бері қанша уақыт,

Сыныптасым, сағындым сені сене алсаң.

 

Балалығым – бал дәуренім арайлы,

Кеудеме әр кез ән-жыр болып тарайды.

Қызық күндер ұзап қалған соңымда,

Кейде маған бала болып қарайды.

 

Аманкелді Тұржанов