Тәуелсіз елім - Қазақстан
жеке
блог

Тәуелсіз елім - Қазақстан

Тәуелсіз елім - Қазақстан

Қазақстан - кең байтақ, елім менің,

Шегі шетсіз, жазира жерім менің.

Сағынамын өзіңнен ұзап шықсам

Желтоқсанның бермесін енді желін!

 

Тәуелсіздік келді бізге алыстан,

Қаншама адам бір сен үшін

Жан аямай алысқан.

Ұл - қыздарын бейбіт күнді

Орнатуға жан салған!

 

Астана  - Қазақстанның жүрегі,

Тәуелсіздік - Қазақстанның тірегі.

Еліміздің баянды ұзақ ғұмыры

Әр қазақтың тілегі!

 

Ата - бабам жолыменен жүреміз,

Тәуелсіздік, Бейбітшілдік

Екі ұғым - бір егіз

Сенің арқан - Туған елім,

Барлық бақыт базарым

Өзіңде деп білеміз!

 

Абзалұлы Ермек