Гүлдер, гүлдер...

Гүлдер, гүлдер...
жеке
блог

Ырғалады, тербеліп жәймен ғана,

Гүлге қаптап тұр ғой аңқып бай дала

Гүлдер, гүлдер...

Сан алуан неше гүлдер?!

Самал желмен тербеліп тұр жай ғана.

 

Гүлдер, гүлдер...

Қандай әсем көп гүлдер!

Жапырағыңнан жұпарыңды төк гүлдер

Бүкіл дала қырлар түгел жайнап тұр

Сұлулықты жоқ қой шіркін шек гүлдер.

 

Көз тартады, алуан түсте жайнайды,

Бұлбұлдары ғашық болып сайрайды.

Жұпар иісі тыныстарын кеңейтіп,

Көрінеді таң қалдырып баурайды.

(2014 ж)