"Туған жерім – мекенім!"

"Туған жерім – мекенім!"
жеке
блог

 Туған жерім – Түлкібасым мекенім,

 Топырағын мәңгі басып өтермін.

 Осы жердің жұпар иісі шипалы

Сағынғанда құстай ұшып жетермін.

 

Оңтүстігім жұмақтай боп көрінер

Жаңбыр жауса топырағы бүлінер.

Жаңбыр тоқтап, асау желі тоқтаса

Гүлді алқап шуақтанып күлімдер.

                                                                                               

Міне солай, қызғалдақтар мекенінде туыппын,

Еңбектеппін, кейде жылап күрсініппін, күліппін.

Туған жерім құлыным деп гүл құшағын ашқанда

Анасына асыққандай тәй-тәй басып жүріппін.