Әкеге сағыныш

Әкеге сағыныш
жеке
блог

Сол адамды сағынып,

Хат та жазғым келеді.

Сол адамды құшақтап,

Мауқын басқым келеді.

Кей сәттерде жанында,

Болғым да менің келеді.

Жетістікке жеткенде,

Белестерден өткенде,

Қуанып барып "Әке" деп,

Құшағына батқым келеді!

Жүрегімді сыздаған

Жібіткім де келеді

Алыстағы әкемді

Тірі де еткім келеді!

Болмайтынын сезсемде

Өтірікке сенгім келеді

Бәрі әке дегенде

Әкесін айтып жүргенде

Жерден алғым келеді,

Құмда жатқан мәйітті

Менің де әкем тірі деп

Өлмеді қайта келді деп

Шаттанғым да келеді

Балдарын сүйген әкені

Жасап та алғым келеді

Жұрттар қажет етпеген

Әкені алғым келеді

Өзге жұрттар секілді

Әкеме барып, еркелеп

Алдында жатқым келеді

Өзгелердей мақтанып,

Тауда еткім келеді!

Біз арқылы әкемнің

Жұрттан асып, тасынып

Мадағын көргім келеді

Кімнің қызы дегенде

Таудай ақыл сыйлаған

Нұсқағым сізді келеді

Әттең, сізде болмады

Ұзақ өмір, шын бақыт

Асылық айтсам, уа Аллам

Кешірім өтінгім келеді!

Автор: Мәлік Зарина