Тәуелсіздік діңгегім!

Тәуелсіздік діңгегім!
жеке
блог

Тәуелсіздік алтын күн.

Қазақстан ұлан-байтақ кең жерім,

Жасай берсін тәуелсіздік күндерім.

Толған айдай 25-ке толыпсың,

Тәуелсіз,егеменді менің елім.

 

Тәуелсіздк күндері ата берсін,

Көк байрағым әрдайым желбіресін.

Азат ел боп мәңгі бірге өтейік,

Дамыған 30 елдің қатарына енейік.

 

Осы жылдар жеттің талай биікке,

Өрлей берші, асу-асу белдерге.

 

Қазағымның тәуелсіздік көк туы,

Желбіресін мәңгі бақи тек төрде.

 

Жаса ,азаттығым ,елдігім,

Пашететін,жарқылдайтын келді күн.

Қазағымның кең алқапты жерінде,

Ғажап өмір сүріп жатыр халқым бүгін.

 

Қанатымды кеңге жайып талпындым,

Қырандай боп ұшуға мен ұмтылдым.

Қазағымның қырандары самғайды,

Тәуелсіздік деген алтын күнді қорғайды.

 

Азаттығым жыр-әнім,

Ел іргесі мықты болсын-дінгеім.

Тәуелсіздік еркін сезіну,

Мен үшін арайланған күндерім.

 

Тәуелсіздік менің асыл байлығым,

Тәуелсіздік арым менен намысым.

Тәуелсіздік менің жарқын ақ таңым,

Тәуелсіздік менің шаттығым да,бақытым!

 

Азаттығым –тірегім,

Бар әлемге мақтанар.

Азаттығым-жүрегім,

Жалындап мәңгі соғар.