Өлең жаздым...

Өлең жаздым...
жеке
блог

Пердесі тереземнің түріледі
Түніме жұлдыз – сырға ілінеді
Тыныштық құшақтаған қала ішінде
Жүрегім сені сүйген бүлінеді.

Жамылған қара шәлі түн ару ма?
Сүйгенге бұйырары құлазу ма?
Мен емес, түн де ессіз сүйеді екен,
Көз жасын жер-құмыраға құлатуда.

Жұбатсам екен қалай қара түнді?
Жайып кеп жіберер ме ем қанатымды?
Ғашығы кім екен ол?
Хат жазайын 
Білесіз бе сіз сонда баратынды?

Өлең жаздым ұшқанға, жүгіргенге,
Өлең жаздым тоқтаған, тірілгенге
Жұлдыздар би билеп-ақ белгі берер
Ол хатты ашып оқуға үңілгенде.

Кім қымбатын өзгеге қия көрмек?!
Үй маңында түн күтіп тұра бермек.
Ақ таңдай орамалды жауып кеттім, 
Алдынан аппақ болып шыға кел деп.

Жұлдыз Бейсек.