Сен жүрегімдесің...

Сен жүрегімдесің...
жеке
блог

Тағы міне, март келді, көктем келді,

Түрлендіріп ғажайып көк пен жерді.

Жауқазындар жайқалып, ашып гүлін,

Әсемділік тербейді көңілдерді.

 

Сен жоқсың, бұл әлемге сияалмадың,

Орындалмай арманың, қиялдарың.

Он алты жыл бұрын дәл осы күні,

Мен өзіңді өлімге қияалмадым.

 

"Көз жұмды" деген сөзді қабыл алмай,

Жүрдім мұңмен алысып, арыла алмай.

Сағынышпен өзіңді іздеп жүрек,

Жылап еді ақылға бағына алмай.

 

Ән салған көркем бейнең  қалды ойымда,

Қосылған жас жұбайдың шат тойында.

Бәлкім саған көз тиіп кетті ме екен,

Періште  ең міні жоқ тал бойында,

 

Дидарыңа таңданып мақпал түнде,

Кейде мен ұқсатушы ем аппақ гүлге.

Шомылып Ай нұрына отырған қыз,

Кетпейді көз алдымнан әлі күнге.

А.Тұржанов