Шын Жүректен (ЭСТАФЕТА)

Шын Жүректен (ЭСТАФЕТА)
жеке
блог

Массагеттің майталман блогерлеріне жалынды сәлем! Көптен бері жазбағаннан кейін бе, әлде сағынғаннан ба әйтеуір осындай бір эмоциямен жазып отырмын. Жалпы, Қалдарыңыз қалай?

Шынымды айтсам, сүйікті жұмысыңмен айналысқан кезде уақыт деген тоқтаусыз өте береді екен. Тура бір ештеңеге үлгере алмайтындай аласұрған күйде жүресің. Бір істі бастасаң болды, екіншісі де дайын тұрады. Айтып отырғаным, түсірілім, түсірілім және тағы да түсірілім. Одан кейін монтаж, монтаж және тағы да монтаж. А тағы мақала бар екен ғой және бітпейтін сұхбат сосын, әрине САБАҚ))) Мен шаршадым деп айтып отырғаным жоқ, керісінше қуанышпен жазып жатқанымғой. Осынысымен де менің мамандығым қызық. МАМАНДЫҒЫММЕН МАҚТАНАМЫН! Осындай қарбаласып жатқан сәтте маған Эстафета келіп түсті. Бірнеше күн бұрын Нұрғазы Нұрболатұлы әдемі бір эстафетаны жолдаған еді. Соған уақытым болмай, ақталып жатқанымғой (қалжың әрине). Әйтеуір уақыт тауып, денсаулығым сыр беріп жүрсе де, шамам жеткенше өлеңді оқып көрдім. Сіздер қалай қабыдасаңыздар да өз еріктеріңіз, әрине. Барлық пікірлерге қуанатын боламын. Алдын ала рахмет! Бәріңізді құшақтадым)))

Ұмытып барады екенмін, эстафетаны кімге жолдарымды білмей отырмын. Сондықтан барлық поэзиға жаны құмар жандардың жалғастырғанын қалаймын. Сіздерге сенемін...