Таба алмадым жауап талай сұраққа....

Таба алмадым жауап талай сұраққа....
жеке
блог

Таба алмадым жауап талай сұраққа

Бұл тағдырдың жазуы ма...сынақ па..

Бәрінен де бас тартуым керек пе

Әлде ақырын бағайын ба шыдап та..

 

Сабырлы боп,төзімді боп келсем де,

Көтерілмей қойды ғой бұл еңсем де...

Жаңа үміт жаңармады жанымнан

Жабыққанда сезімімді жеңсем де...

 

Қайғы дейтін қамалдан ептеп асып

Кетсем ба екен қиырсыз шетке қашып

Қай жерінде қатем бар қара жердің

Айтындаршы ,ағайын,бетке басып..

 

Ұстап алып ұшқан құс қанатынан

Ұшсам ба екен көгіме дара тұрған

Жер кезіп жаһан кезіп кетсем ба екен

Жетім ұлың болайын, дала туған.. 

 

Әйткенмен қай жерде де осы жүрек

Осы көңіл,осы дем,осы бір леп..

Жел болып жан дүниемді жаңартайын

Өткіншісін өткеннің қосып үрлеп..

 

Амангеллді Бошенов