Кешір ата студентпін ақшасыз

Кешір ата студентпін ақшасыз
жеке
блог

Қара базар сандалған жұрт асыққан
Талай адам кетіп барады басып паң
Бір қарт адам кол жайады телміріп 
Ұзак қарап үнсіз тұрдым қашықтан

Шапан ілген жалғыз ақ арқасына
Топы киген тозғанба тар басына
Қолын созып отырды қарт өткендерге
Масыл болып мугедектер арбасына

Тусіп жатыр 20 теңге10 теңге
Кей адамдар куліп өтті кем-кемге
Әумин десіп бугінімен қарт отыр
Уміті жоқ арайланар етеңге

Көп адамдар кағып өтіп қолынан
Адасады кісілікпен жолынан
Бір кісі кеп нан ұстатты келдіде 
Ал бреуі су береді молынан

Ризалықпен шукір етіп бәріне
Күрсінеді куш қосқандай әліне
Күңіреніп күн батысқа қарайды
Таубе қылып дәл қазіргі халіне

Қырын қарап өте бердім қыялып
Қолын созды келгендей мен сый алып
Қос колымды сунгіттімде қалтама
Тұрып қалдым өз-өзімнен ұялып

Жауап қаттым қарияға хатшасыз
Бұлбұл құстай қаңғып жүрген бақшасыз
Болса егер садақамды берер ем
Кешір ата студентпін ақшасыз