Сүйемін деген жалғыз сөз тұрды...
жеке
блог

Сүйемін деген жалғыз сөз тұрды...

Орамалды әппақ жерге жапқандай аспан -әжем кеп ертемен,
Ақ ұлпа көктен шашылған ба деп сұрамашы енді сен менен... -

Қара қыз - қар жер ұялған сынды жаулықтан шықпай бір жүзі
Ақ қармен бірге күлімдейтіндей, білінбейтіндей нұр жүзі. -

Жұлдыздар, сірә, жауар ма тынбай, жауар ма жердің бетіне
Қара жерім-ау жылт-жылт етесің жаздағы түндей шертіле. -

Өзіңді мүлде басқым келмейді, шіркін-ай болса қанатым,
Жазға да, күзге көрсетер едім қарды жұлдызша жанатын. -

Ағаштар, міне, ақ көйлек киді ақ қардың тойы тұсында.
Қауырсынымен бақытты алып келеді ұшып құсым да. -

Жер жүзін нұрға бояп қойғандай сыйқырлы осы қысымда.
Сүйемін деген жалғыз сөз тұрды, жаным-ау тілдің ұшында.

Жұлдыз Бейсек.