Менің елім

Менің елім
жеке
блог

Егеменді елімнің ертеңі асқақ, білемін
Астана деп орнаттық,құдіретті жер жүрегін.
Күннен күнге құлпырған, ару қала, жаса қала
Жаханды таңқалдырған,Қазағымның келбеті!

Ұлан қайыр жерім бар, Азияның кіндігі,
Ұлт достығы орнаған,қазақ елінің бірлігі
Тату-тәтті ғұмыр кешіп,әлемді алға жылжытқан
Киелі Қазақ мекені өзгелерге пір.үлгі.

Тарихы бар ғұн мен сақтан басталған,
Қазақстан-жас мемлекет, жас тарлан.
Үміт күтіп болашақтан сеніммен
Мен Қазақстанда туғаныма мақтанам!