Бітті

Бітті
жеке
блог

Тапқандай ақ едім ғой,көрінгенде қас-қағым
Жанымның жартысын,арманымның асқарын.
Сыр сандықты ашпадым,сыр пернені баспадым!
Еркектікке жатама енді қашқаным?
Жылдар өте,көзім жете,бастады,
Басқа жанның,жартысын алған екенмін!
Мүлде -мүлде,ұқсамайтын бөтенмін!

Жолықтырдым,жолыққандай көрінген,
Мас болғам ғой,албырт шие еріннен!
Басылып мауқым,түскен соң жүрек төрінен.
Бітті ау деймін,"Уақыт"біздерге берілген...
Мен еркекпін қалай айтсаң да!
Сеніңше менің өзгеруім керек қой!
Басында саған,осы қалпыммен ұнап едім ғой?!


Сен ренжисің,мен идеалыңа сай келмей
Ал мен қырсық,өмірі саған бой бермей!
Махаббат құса,махаббат болса шерменде,
Алып қашып бойын,біздерден аздап жерігендей,
Ашыла берді,ашына келді арамыз...
Иә-иә,біз бөтенбіз өрескел,
Бірақ өмір осынысымен қызық емес пе?


Қашып кетуге бір-бірімізден дайынбыз,
Біреуіміз дауыл,біреуіміз майыспас қайыңбыз!
Отырған бар жайымыз!Жараспай жұлдыз,айымыз,
Салынбай қалды тамымыз,құюсыз қалды шайымыз.
Сезімім әлі бар менің...
Бірақ қолдан бермекпін
Өйткені әлі еркекпін!