Жадыңызда болсын

Жадыңызда болсын

Ауру - адамның бағытынан ауып бара жатқанын білдіретін белгі. Ауру әр түрлі функцияларды атқарады. Біріншісі - ескерту, екіншісі - адамның дұрыс дамуына мүмкіндік бермейтін істі тоқтату, үшіншісі - теріс хабарламаны таратуға жағдай жасайтын тетікті жою. 

"Дөрекіге шаттық тән, нәзік жанға қайғы үйір" - дейді Есенин. Адамды ауру ететін үш бастау бар...

* * *

1. Тән кеселі. Ол - ауыртпалықтың артып кетуінен, температуралық режимнің бұзылуынан, дұрыс тамақтанбаудан, жұмыс пен демалыстың орынды алмасып тұрмауынан болады;

2. Жан кеселі. Ол - сезімталдықтан, өкпешілдіктен және де көз тию, қарғыс секілді сыртқы әсерден болады. 

3. Рух кеселі. Ол - адамның бойында теріс пиғылдың көбеюінен болады. 

Осы үшеуін де болдырмауға тырысу керек.

Өмір бақи біз екі қатерлі күштің қарамағында боламыз: біреуі өлім, екіншісі - адамдардың пікірі. Зерттеушілер адамның дені сау жүруінің үш негізін белгілейді:

1) таза ауамен тыныс алу мен спорттық жаттығулар;

2) экологиялық таза тамақ.

3) Тұрақты түрде медициналық тексерістен өтіп тұру. 

Уайымшыл, еңсесі езілген адамның энергетикасы аз. 

* * *

Егер адам көбірек сынап-мінесе, нашар ойласа басы ауырады, егер біреуді ренжітсе немесе біреуден ренжу көрсе - жүрегі; туыстарына, өзіне, жағдайға жиі ренжісе - асқазаны ауырады. Төңірекке наразылық, өзінің өміріне өкіну, жағдайды ұдайы қабылдамау өте терең реніш туғызады да, ол өкпенің қатерлі ісігіне алып келеді.

Адамның басы немесе басына біткен бір мүшесі ауырса, ол - жек көруден, қызғаныштан, күншілдіктен, кеуде тұсы ауырса - өкпелеуден, одан төменгі жағы ауырса, өзінің немесе өзгенің махаббатын тұншықтырғаннан. 

Юлий Цезарь кеселдер мен бас ауруына мынадай емдер қолданған: қиын жорықтар, қарапайым өмір сүру тәсілі, таза ауада ұдайы жүру, еңбекке бас қою. Осының бәрі ағзаның әлісеруіне мүмкіндік бермейді.

* * *

Барлық жаман нәрселерді екі түрлі жолмен емдеуге болады: біріншісі - уақыт, екіншісі - үндемеу. "Өткенге қарап басыңды и, ертеңге қарап білегіңді сыбан" деген. 

Автор: Әкежан Дәкен

сурет: fb.ru 

Л. Лига