Өмірдің мыңнан бір сәтіндегі ойлар

Өмірдің мыңнан бір сәтіндегі ойлар

(Басы бар)

Екі жолбарыстың бірі қапаста, бірі у-шуы жоқ орман маңында өмір сүріпті. Екеуі де өздері өмір сүрген ортаға көңілдері толмайды екен. Бір-бірінің өмірлеріне қатты қызығып жүріпті. Сонымен екеуі өзара келісіп, ауысып тұруға бел байлапты. Бастапқы уақытта екеуі де көңілді өмір сүреді. Бірақ, уақыт өте келе екеуі де өліпті. Бірі, аштықтан, енді бірі құсадан.

Кейде біз өз бақытымызды өзгенің қолындағы дүниемен өлшеп жатамыз. Шындығында сенің қолыңда бар дүниеге басқалар да солай қарауы мүмкін. Өзінде бардың қадіріне жете білу үлкен табыс.

Қыздар жасырын дауыспен топтағы ең ару қызды анықтауға бел буды. Дәл осы сәтте Ш есімді көркі ұсқынсыздау бір бойжеткен алдыға жүгіріп шықты да: «Егер мені группаның ару қызы деп таңдайтын болсаңдар, бірнеше жылдан кейін өз мырзаларыңа мен группаның ең сұлу қызынан да әдемі болатынмын дем мақтана алатын боласыңдар!» деді.

Нәтижесінде Ш есімді қыз сол үлкен топтағы ең сұлу қыз ретінде барлық жасырын дауысты жеңіп алды.

Басқаларды өзіңді қолдауға көндірмекші болсаң, онда басқалардың барлығынан үздік екеніңді дәлелдеуіңнің қажеті шамалы, қайта оларға сен болғандықтан олардың соншама үздік, әрі, нәтижелі болғанын сезіндірсең ғана жеткілікті.

Бірде Марк Твен жиналыс үстінде бір ханыммен қарама-қарсы отырып қалады. Ол ілтипатпен әлгі ханымға: «Сіз шынымен де көрікті екенсіз!» дейді.

Әлгі ханым оны жақтырмастан: «Бірақ мен сені ондай әдемі сөзбен мақтай алмаймын!» дейді.

Марк Твен сабырлы қалпында: «Оқасы жоқ ханым, сіз де мен сияқты өтірік айта салсаңыз болғаны!» деді. Ханым қатты қысылып, беті қызарып кетті.

Өзің лақтырған тас қашан да өз басыңа түсетінін біліп қой.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: picnic.com

M. Auelkhan