Астана

Еуразия жүрегінде орын алған,
Астанада бар арман орындалған.
Еркелеп, есіп аққан есілімді,
Мекен еттім, мен - Дидар жолы болған.

Сарыарқаның төсінде ұлы дала,
Бой көтерді, айналды жас қалаға.
Көркімен тамсандырып, келген жұртты,
Таңдай қақты, қарттар да жас бала да!

Маған қонған бақ па екен, бақыт па екен?
Астанамды аялап, мен де өтем,
Балалықтың бал күндері сыр шертетін,
Астанам емес, қазір жақұттан кем.

Елбасының даналығымен шаттанам,
Елорданың әр тасымен мақтанам.
Ел ерлігін паш еттіріп, әлемге ,
Елбасының даналығынан бақ табам.

Гүлден құлпыр, жаса мәңгі бас қала!
Көркейе бер, көгершіндей пәк қала!
16-жылдық тарихымен танылған,
Құтты болсын, төл мерекең Астана!



Бөлісу: