Моносезім

Моносезім
жеке
блог

Сабырдың түбі - саф алтын. Қайдам? Сабыр түбіне кім жеткен? Күн бар ма, сәулем, құтылар бітпес түнектен? Күз бенен қара қыс, көктем, арғысы жасыл жаз. Жылдар жылжиды... Тек бір мұңым бар жазылмас, тек бір сағыныш мендік жүректен арылмас . Сырымды бірақ кімге айтам?

Көптің ішінде жалғыз қалуды үйрендім... Жалғыздық - таңдау, дерт емес екен, түйгенім. Өтпелі бәрі, білемін, бәрі өтпелі! Өзге жан түгіл өзім ұқпаймын өкпемді. Қол созып бекер жүр ме екем АЙға көктегі? Ақыл айт маған, сүйгенім.

Қырқына шыдап, шама жоқ қырық біріне. Қарама маған, көзіме енді үңілме.... Өзіммен бірге көлеңкемді де жек көрем! "Бар" деген көп сөз, бір-ақ сөз екен "жоқ" деген. Бұл да бір сабақ өткеннен. Жүрегім әлі тірі ме?