жеке
блог

Гүлбану

Біз тосыннан жолықтық...
Би алаңы.
Қыз билейді. 
Ал, жігіт ұялады.
Ағаңның ауласы еді. 
Бәрі есімде,
Көңілім сол сәтті еске жиі алады.

Икемсіз мен сияқты пақырды әрең
Сен биге шақырған ең.
Қара-құба қызды ойлап дәл сол түні
Көзі ілместен таңымды атырған ем.

Иә-иә, сенің ағаңның үйінде еді,
Тілашар той ма, қандай жиында еді?
Қонақтарды билету міндетің бе,
(Па, шіркін, саған сол да қиын ба еді?)

Қандай ғажап!
Сен үшін еленгенім,
Қолымнан ұстап сүйрей жөнелгенің...
Қалғаны еміс-еміс.
Білетінім:
Би бітіп қалмаса деп елеңдедім.

Сол қандай музыка еді?
Заттыбек пе?
Жеменей ме? (әйтеуір, жақты көпке...)
Жел жағымнан алмасып бара жатсаң,
Мас болдым деміңдегі тәтті лепке.

Би бітті.
Шалқыған асқақ үміт
Арманды ару Айға тастады іліп.
...Есімді енді жиып сені іздесем,
Орынымда жүр екен басқа жігіт...

Мөлиіп бітірместен тұрам ба түк?
(Қазір, қазір..
Алайын «грамдатып».)
Сосын, жаным, өзіңмен таң атқанша,
Ырғағымен әуеннің құрам бақыт.

«Сезімнің иемденген қонысын кім?»,
Өлуге де бар едім сол үшін мың.
Қайта айналып келдім де батылсынып
Өзіңе қол ұсындым.

Расында, арманым Айға қонды,
Біз таныстар болмадық жәй ғана енді.
Ертеңінде телефон контактімде
«Гүлбану» деген есім пайда болды...

Ғ, Кәдірбаев

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды».
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Абайдың ғылым-білім туралы ойларының маңызы
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шетелдегі қазақ полицей "Әлем батыры" атанды
«Тар заман» туындысында кездесетін афоризмдер

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі