Журналист болу-арманым...

Журналист болу-арманым...
жеке
блог

Журналист болу-арманым...
Қазіргі таңның ең үлкен мәселесі – мамандық таңдау. Ең алдымен , «Мамандық» сөзінің мағынасын түсініп алайық. Мамандық – әр адамның өзі сүйіп істейтін жұмысы. Маман – әр саланың оқыған , тоқыған әдіскері. Мамандықты, менің ойымша ,әр жеке тұлға өзі таңдап , жас, кішкентай кезінен сол салаға бағытталып, өзі сүйген мамандықтың шебері болу тиіс. Менің де кішкентай кезімнен таңдаған мамандығым бар. Мен ол мамандықты сүйемін, ұнатамын, тіпті сол салада жұмыс жасайтын адамдарды сыйлаймын және оларға қатты қызығамын. Міне, қазірде мен екінші курс студентімін. Өз ойымша, мен таңдаған мамандығыма жету үшін кішкентай болса да қадамдар жасап жатырмын. Сіздерге менің таңдаған мамандығым қызық болып тұрған шығар . Сіздердің сұрақтарыңызға жауап: менің болашақ мамандығым – журналист, тілші. Менің таңдауымның бұл салаға түсуінің себебі маған кішкентай кезімнен жаңалық көрген ұнайтын еді. Шынымды айтсам, жаңалықты: көрейін , білейін – деп қарамаймын. Тіпті, жасым ол кезде төртте жаңалықты тыңдасам да, түсінбеймін ғой. Сонымен жаңалық көретін себебім маған дикторлардың киімі, бет әрлеуі, тік отыруы ,әр сөзді, әріпті түсінікті етіп айтуы, тіпті бір камераға қарап отырып , лезде келесі камераға қарап үлгеретінінің өзі ұнайтын. Бұл саланы жақсы көргенім соншалықты,үйге қонақтар келсе болды, диваннан студия жасап, киім ілетін «прищепкадан» дикторлардың жейдеге іліп қоятын микрафонын жасап, жаңалық айтып отырамын. Бұл салаға ғашық болғанымның күшінің мықтылығы сонша, әлі күнге дейін мамандыққа байланысты ойым бір өзгерген емес. Қазір кішкене болсада өстім , диван «прищепка»ұмытылды. Бәрін қолмен ұстап,көзбен көретін уақыт жетті. Өсе келе бұл саланың аты - журналистика екенін білдім. Журналистика-ақпарат пен халықтың арасындағы көпір. Бұл сала арқылы адамдар жер-жаһанда не болып жатқанын біле алады. Журналистика саласының шеберлері - тілшілер. Осы жақында өзімді шынайы тілшінің рөлінде сынап көрдім. Шынайы камера, сценарий , грим , костюм , микрофон , студия , продюссер,теледидардан көріп жүрген тележүргізушілер тура жаныңда... Өте-өте қызық сезім кештім. Бір түсінгенім өте ауыр, жауапкершілігі мол жұмыс. Біріншіден, сценарий тексеруің қажет,одан соң камераға бойынды үйрету мүлде бөлек әңгіме.Техникалық ақаулар болған жағдай да барлық назар камера алдыңдағы адамда , яғни,тығырықтан шығар жолды сценарийден бөлек өзің табуың керек.Құлағындағы құлаққаптан келіп жатқан бұйрықты орындай отыра,телекөрерменге студияда өзіңнен басқа адам жоқтай емін-еркін жобаңды өткізу қажет.Түсінгендеріңіздей қызығы мен шыжығы өте көп қиын жұмыс. Бірақ,мен қиындықтардан сүрінбей өтемін де, мақсатыма жетемін. Себебі,бұл менің таңдауым! Мен қандай жолды таңдағанымды білемін, жақсы түсінемін. Менің мақсатым айқын! Мен мақсатыма жету жолында еш аянбай жұмыс жасап, еңбек етіп, мақсатыма жетемін!