Росханзор
жеке
блог

Росханзор

 Ассалаумағалейкүм!
Құрметті, оқырмандар мен парақшамның қонақтары.
Жаңа өзгеріс, жаңа идея, жаңа іс-әрекет һәм амалдар…
Апгрейд-қысқа да нұсқасы.
Ниет ҚАЗАҚ-ҰЛТҚА қызмет!

  Ұлы іс - өзімізді орасан зор Ер қылуға талпыныс.
Яғни, руханияттық әрі технократтық һәм өнерпаздық әлбетте рух-жігерлілік қырларыммен, титтей де болса пайдамды тигізбек, оның үстіне зор жауапкершілікті алуға дайын екендігіме көзім жеткен-ді. Мұндай жан-жақты прогресстерден қалмай, бірге сауатты ашу-мақсат мұратым!

#руханият  
Бірге, Имандарымызды күшейту болмақ!
Яғни, Алла Тағаланың есім-сипаттарына ой жүгіртіп әрі ақылмен шүкір етіп һәм жердегі жаратылыстарына “тефеккүр” тұрғысында бірге жетілу ниетімде, бұйыртса)
Хақым бар ма!?
-ақыретіме дейін медресе(Иман-Құран) шәкірті болып өтермін хайырлысы болғай һәм Жер ғылымдарының (Геология) маманы болғандықтан, Алла тағаланың мекеніміздегі “флора мен фауна” жаратылысына жақын болғаннан кейін, Құдайды бірге таниық деген амбицияда екіжақты ұштастырып арқа сүйене келе, толық хақым бар деген сенімдемін.

#технократ
Бірге, техника мен технологияда сауатты болмақ әрі ғылыми һәм мағынауи қазақша қылмақ!
Яғни, Еркек хабардар болу керек кішігірім Техсауаттан бастап Интернет-Кибераумаққа дейін тереңдете техпрогресстерден қалыспай бірге жетілу ниетімде, бұйыртса)
Хақым бар ма!?
-техғылымды IT-Геолог болғандықтан, меңгерген пән-ілімдерім: Геобағыт, Компьютер ғылымдары, Жасанды интелект, Виртуалды шынайылық, Киберқауіпсіздік деген инженериялары әрі XXI ғасырдағы керекті дағдыларды әркез меңгеру процесінің талабы тиісті кезде, оның үстіне үздіксіз деген формулада болғандықтан, алған ілімдерімді ұштастырып арқа сүйене келе, толық хақым бар деген сенімдемін.

#өнерпаз
Бірге, Тарихымыздағы Бабаларымыздың құндылықтарын жаңғыртып әрі Қазақша дубляжды лайықта да тұрарлық қылмақ!
Яғни, Қазақ небір сынақтардан өтіп һәм тағдырымыз жеңіл болмағаның көркем насихаттап әрі іштегі санамызға іштегі ұлтжандылықты оятып қамшылау, осы мәдени тұрғыда іске-жүзеге асырып бірге жетілу, бұйыртса)
Хақым бар ма!?
-әрдайым өз-өзіммен жұмыс істеп, жетілдіріп келемін осы тұрғыда, нақтырақ бұл Әдет! Оның үстіне, базалық шығармашылық ілімдерім бар әрі креативті жаным жақсы көреді, Хоббиім. Әлбетте, шығармашылық тәжірибелерім һәм Алла берген өнер нығметтері бар болғандықтан, ұштастырып арқа сүйене келе, толық хақым бар деген сенімдемін.

 #рухжігер
Қазақы рухымызды оятып, бабалар қалдырған іздерді танып һәм үлгі-өнеге тұту болмақ!
Яғни, Ішке айбар, сыртқа қорған болатын әрі, рух, мінез, жігер, ер-жігіттік талапты қайсар-табандылықпен бойға сіңіру болмақ!
Яғни, ҚАЗАҚТЫ өзімнен өткізіп көргенімде, Ата-бабаларымыз орасан зор “Із” қалдырған іздерді танып һәм амалдау, біз жастарға үлгі-өнеге екендігіне көзім толық жеткен-ді, онымен қоса бабаларымыз сан-қырлы, жеңіл тағдырлы болмағаны, біздің осы күнімізге жету үшін, қаның төгіп, терлерін тамдырғандарын түсініп, игі амалды жүзеге асырып бірге жетілу, бұйыртса)
Хақым бар ма!?
-біріншіден қаным Қазақ, екіншіден бұл тұрғыдағы құндылықты бойыма сіңіргендігімде, үшіншіден Ер-азамат турасында іште сөзбен айтып жеткезе алмайтын мүбәрәк бір сезім бар…әрі еркек гармонды(тестостерон) көтеруде ізденімпаз әрі маңызды екенінен хабардар болғандықтан, оған қоса тестосторон түссе, құлшылықтарға, ілім-білімге, миды қозғауға, жігерлі болуға жалпы ешнәрсеге ұмтылыс болмай, әлсізденетініңе бұлтартпас дәлелдер барғой-шешімін білгендіктен жә-жә асылы, нақтысы өзімді қамшылауымда, міне ұштастырып арқа сүйене келе, толық хақым бар деген сенімдемін.

Осылай… Адамшылық, кісіге һәм қоғамға пайда тигізу, ел қамын ойлау, өнер, білімге, жігерлікке ұмтылу деген сияқты жақсы ой, таза ниетім ашылған-ды! Осылардың барлығының алатын бір қайнар көзі бар, ол – Құран, ол – Сүннет, ол – Ұлттық сана тәрбие.

Алла Тағала бізді(еркектерді) әлдеқашан отарымызға - бақташы қылып қойған.
Отанымыз Қазақстанды нығайтып әрі қорғап, бәсекеге қабілетті қылып, әр-қырлы дамытатын тек қана біз(еркектер) емес пе!? Ерте заманнан бері солай болған һәм бола бермек. Мемлекеттің мерейін үстем ететін ер азаматтарды аңсаймыз, онда өзімізбен жұмыс істейік жігіттер. Оңға, жүзге, мыңға татитын бір еркектер болғаның, тарихқа көз тіксек бір халыққа татитын азаматтардың болғаның білеміз. Отанды, тілді, дінді қорғау кімге міндет?

Тарихта болмаған үмбетті тәрбиелеп шығарған Сүйікті де Ардақты Хазіреті Мұстафа Мұхаммед Пайғамабарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) секілді дәрежеге деген Қазақы жету ниетім - әлбетте Пайғамбарды ұстаз тұтатыным сөзсіз!

Хәкім Абай айтпақшы, болмасаңда ұқсап бақ - осыған амал ету мүбәрәктік емес пе!?

Біздің ел, қоғам - ықыласты, иманды, сүннетті серік ететін, жүректі, өзгелер тоқтаса да, алға басуға дайын, соңынан елді ерте алатын, рухты жандырып оятатын, бұзылғанды қалпына келтіріп демейтін, кірді тазалайтын осындай мұқтаждықтағы ер азаматыққа татимын ба екен тәуекел етіп көрмекшімін, хайырлысы. 

P.S. әлбетте іс жүзінде орындай алмасам да, ниетіммен, иманыммен, биімділігіммен соны қабылдап һәм жоғары бағалап, құштарлықпен жасайтыныма өз-өзіме тілектеспін. 
Бауырлар...менімен бірге болып, қолдасаңыздар, бір-бірімізге алыс-беріс қылсақ нұр үстіне нұрболары сөзсіз!   

Аса-ерекше құрметпен, Росханзор.
https://influential-tyrannosaurus.contact-me.info/ (әлеуметтік желідемін)