Психология адам өмірінде және кәсібімде

Психология адам өмірінде және кәсібімде
жеке
блог

Психологияның әрбір адамның өмірінде алатын орны зор. Шыны керек, қазіргі таңда тікелей адам психологиясына байланысты проблемалар қоғамда көп. Адамдардың бір-бірімен арақатынасы, қандай да бір жағдайлардың орын алуы мен шешілуі, адамзаттың дамуы, және ең бастысы- адамның ішкі тартыстары, сезімдері, ойлары. Біз өзіміз байқамайыз, бірақ біздің әр ойымыз, шешіміміз, күнделікті әдеттеріміздің бәрі-психология. Мысалы, әлемде қанша түрлі адам болса, сонша мінез, сонша көзұарас бар. Сырттай бірдей адам болғанымен,бір нәрсені біреу былай көрсе, екіншісі басқаша көреді. Дәл солай адамдар өмірді де әрқалай қабылдайды. Менің өмірімде психология маңызды рөл атқарады, өйткені мені қоршаған нәрселердің бәрі менің санама әсер ететіні сөзсіз. Психология маған өзімді жақсы зерттеуге көмектеседі, адамдарды түсінуге, адамдармен қалай қарым-қатынас құруға және жақындарыммен қарым-қатынастағы қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді , ең бастысы өзімді- өзім түсінуге көмектеседі. Адам тек өзін-өзі жақсы түсінгенде ғана, өмірді және басқа адамдарды түсіне алады.

Ең алдымен мамандық таңдау барысында адам көптеген факторларды қарастыру керек. Біздің кәсіпте, яғни, қызмет көрсету және қонақжайлылық саласында, психологиялық білім өте керек. Себебі, адамдармен тікелей жұмыс жасағаннан кейін, тығыз байланыста болғаннан кейін, сапалы қызмет көрсету үшін басқа жандарды түсіне білуіміз керек.