Негізгі / Стив Джобстың 12 қағидасы бар екен,ал сенің ше?
Стив Джобстың 12 қағидасы бар екен,ал сенің ше?

Әр адам өз ісінің жемісін көру үшін, сол іске жету жолында мақсат қояды. Мақсаттарын белгілі бір қағидаларға сүйене отырып орындайды. Әр адамның ұстанатын қағидалары болады. Өзім ұстанатын қағидалар сізге де керек болар:

• Әр істі бастарда сол іске деген ұмтылыс таныту керек. Ұмтылыс жасай білген адамның кез-келген нәрсеге деген құлшынысы артады.
• Өз жұмысыңды сүйіспеншілікпен жаса. Сүйіспеншілікпен жасалған әр іс өз жемісін тигізбей қоймайды.
• Мен үйрене алмаймын деп емес,қалай үйрене аламын деп айтуың керек. Үйренуден еш қорықпа!
• Өз ойыңды керек кезде айта біл. Мейлі ол жағымсыз,мейлі жағымды пікірлер болсын. Тек шындықты айтудан тайсалма!
• Бойыңды тік ұстап,алға қарай ұмтыл. Еңсеңді түсірмей әрқашан жолым болады деп,алдыңа мақсат қоя біл!
Осы кеңестерім сенің болашағыңа деген сенімділігіңді арттырарына сенемін.

                       Абай атындағы РММИ

                      10 сынып оқушысы Әріпбай Айша