Менің биылым
жеке
блог

Менің биылым

Әсел Асановадан шаблонын алып, екі мың он тоғызымды қорытындылап көрем.

Жыл цитатасы: «Арманы мен ойының шекарасын адам өзі белгілейді»

Осы жылда ашылған қызығушылық: кино көру. Киноға деген қызығушылығым керемет болды. Жыл бойы жалпы саны 30-дан аса кино көріп тастадым.

Орындалған арман: келесі жылға қалды...

Өзіндік рухани жаңалық: Эльвира Ерғалинаның "Сана трансформациясы"

Үздік әнші: Тэйлор Эндерсон

Үздік ән: Сәуіржан Төлеш - Сені ұмыту мүмкін емес

Үздік фильм: биылғы премьералардан: "Достать ножи", ал жалпы биыл көргендендерімнің үздігі: "Вечное сияние чистого разума"

Үздік сериал: Армандастар

Үздік әртіс: Зоя Дойтч. Екі фильмін қатар көріп, бір адам ойнап жатқанына тіпті де сенбей қалдым. Актерлік шеберлікке бұлай Рүстемнен кейін тамсанғаным есімде жоқ. (Отандық актер Рүстем Жаныаманов)

Үздік бағдарлама: жаңа формат, креатив ештеңе байқамаған сияқтымын биыл.

Жылдың үздік тағамы: бризоль. Өзім жасасам егер.

Жыл сусыны: су.

Ең керемет күн: туған күнім

Үздік кеш: кешегі корпоратив

Жылдың үздік сайты: википедия. Биыл ерекше көп ақтардым

Жыл әсері: #СанаТрансформациясы #секрет #тайнавеликойводы #ой #мыслиматериальны #визуализация

Ең керемет адам: өзім

Жыл сыйлығы: мамамның сырғасы

Керемет жаңалық: бәрі баяғыдай

Жыл шытырманы: ұшын ғана қидырам деп барып, шашымды шорт қысқартқаным. Үйдегілерге көрінбей бірнеше күн бәрі ұйықтап қалғанда келіп жүргенім )

Жыл блогері: инстаграмдағы @psyxoff