Өзім жайлы жазамын...

1. Менің аты-жөнім Асылбек Әсел( Аселёк, Аселя), жасым 15-те, Қызылорда облысы, киелі Арал өңірінде 2003 жылы 2 наурыз күні дүниеге келдім. Қазір осы жерде тұрамын. №220 орта мектебінің 10-сынып оқушысымын. Оқуда үлгілі, озат оқушылардың бірімін. 9-сыныпқа дейін үздік болдым. Негізгі мектепті бітіру аттестатым қып-қызыл...  Кішкентай кезімнен бастап көп нәрсеге қызықтым, көп нәрсені білгім келді. Ең алғаш 7 жасымнан бастап "вокал" үйірмесіне барып, ән айтуды үйрендім. Би ге де қатысқаным бар, бірақ бұл өнер түрі ұнамаған соң, арты жолдан тастап кеттім.) 4-сыныптан бастап, өнер мектебіне қобыз класына қабылдандым. Осы өнерлерімнің арқасында көптеген өңірлерге барып, концерттерге қатысып, сұхбат беріп, конкурстардың жүлдегері болдым. Әрине, бұл жұмыстың ерен еңбектің арқасында келгенін мен түсінемін. Айтпақшы, спорттан да хабарым бар, жеңіл атлетикамен (жүгіру) де айналыстым. Вообщем, мақтанғаным болмас, жан-жақтымын.  2. Мінезім құбылмалы. Жанымдағы адамдардың айтуы бойынша мінезім жақсы, көңілді дейді. Ашуланшақпын, бірақ қайтуым тез. Адамдармен тез тіл табыса аламын, көпшіл болған ұнайды. Өте қызғаншақпын, достыққа адал, махаабббббааатқааа берікпін)) Күткенді жек көремін! 3. Өмірлік ұстанымым:  Нақты іс және нәтиже. Еңбектің жемісін көру. 4. Негізінен адал, шынайы, жауапкершілігі мол адамдарды бағалаймын.  5.Сүйікті әншім Айқын Төлепберген, Ерке Есмахан.  Екеуіде қатты ұнайды, әнші ретінде мойындаймын, әрдайым ізденіс үстінде жүретін, жаңашыл әншілер. Ал, шет елден Dua Lipa-ны ұнатамын. Өзі сндай жас болса да, дауысы өте керемет! Ең сүйікті ақыным-Мұқағали Мақатаев. 2015 жылдан бастап осы кісінің поэзиясына ғашық болдым. Бірнеше шығармаларын, поэмаларын білемін. 2016 жылы "Мұқағали оқулары" байқауынынһң аудандық, облыстық кезеңдерінен өтіп, республикалық кезеңге жолдама алдым. Сөйтіп, ақиық ақынның туған жеріне барып, бақ сынап, алғыс хатпен марапатталып, ақшалай сыйлық ұтып алдым.  6. Болашақ арманым- мәдениет саласына еңбегім сіңсе деймін, әнші, тележүргізуші болғым келеді. Армандар орындалады, мақсатың айқын болса.    Міне, бұл жазбам сіздерге қызық па, қызық емес пе білмеймін. Бірақ, өзім жайлы қысқаша ақпарат бердім деп ойлаймын. 


Бөлісу: