Жаңа заман жастары.

"...Бүгін менің әкем маған өз заманының жастары туралы айтып берді. Олардың заманында ғылым мен технологияға, әлеуметтік желіге тәуелді адамдардың қарасы көп болған екен. Әкем өзі арнайы сол кездегі елбасының атындағы арнайы мектепті аяқтаған. Достары көп болған, армандары асқақ, бірақ қорқыныштары да басым болған екен. Бірақ, мені қатты қайғыртқаны, ол сол кездегі адамдардың жанашырлық қасиетті сырып қоюы. Әкемнің есінде қалған бір сұмдық жағдай бар: Оның жақын досы танымайтын кісілермен сөзге келіп қалып, дау дамай басталған, тіпті қанды төбелеске дейін барған. Ол жағдайдың кәугері болған жігіт, ер кісілер ұялы телефондарын алып, барынша анықтап түсіріп желіге жіберуге асыққан екен. Тек ол ғана емес, кажет болса демеп-жебеп, қырлыстың өрбуіне топ-топ адам болып ықпал етіпті. Ия, кішкентай балаға бұндай жайтты неліктен айтқан деп сұрақ та қоярсыздар. Бірақ,  менің әкем бұл жағдаймен өз заманының кем тұстарын айтқан болатын. Менің әкем тағы, ол кезде жүрегі мейірім мен иманға толы адамдардың ондай адамдардан әлде қайда көп болғанын, және адамдар еңбек етуге , жаңа белестер бағындырудан аянбай жарысқанын және сол еңбекқор адамдардың қазіргі ұрпақтары олардан асқан еңбекқор, ақылды, дана боларына сенімін білдірді. Н.Ә.Назарбаев атындағы мектепте оқып жүргенде менің әкем достарымен Германия,Англия, Қытай деген елдерге барып ғылыми жобалардан жеңгенін, сол кездердің өміріндегі ең қызықты кез екенін бірнеше рет менің есіме салатын.   Менің әкем үлкен адам , ол шет ел де екі бірдей жоғары оқу орнын аяқтап, қазіргі таңда көп істер тындырады, әкемді телдидардан сұхбат беріп отқанын жиі көрсетеді, ал анам белгілі журналист болып жұмыс жасайды. Олар өте еңбекқор және мейірімді. Менің атам мен әжем өте қарапайым адамдар, олар менің ата-анамды мақтан тұтып, менің олардан ауымай қалғанымды айтады. Біз әр жексенбі сайын туысқандар мен достарымызды үйге қонаққа шақырып көңіл көтереміз...." -деп қиялыма ерік бердім. Қызық, менің балаларым өз отбасы туралы шығармада осындайды жазса, өмірдің зая кетпегені шығар. 

     Біздің заман ең жарқын да, тартысқа толы болары сөзсіз. Бірақ, қазіргі кезде әр саналы адамның ішін ашытатын, былай қарасаң болмас әнгіме секілді, ал былай қарасаң Еуропаға еліктеушіліктің зардабы көптеу екенін анық байқауға болады. Кішкене ғана бір мәселе бүкіл ұлтты алаңдатуда. Неге проблемаларды болмас телеарналардағы бағдарламаларда боқауыздықпен талқылағанша, өкіметтіктің алдына пісіріп ұсынбаймыз. Немесе көп жағдайдың аузын тырнамай,  тек беткі қаймақты сүзіп алуды қашан қоямыз. Біз жаңа заманның ұрпақтары, жылдар бойы қатып қалған өрескел қағидаларды бұзып, келешек ұрпақтарымызға мына кең байтақ жерді, қазақ болмысын бар сұлулығымен жеткізуге күш салуымыз керек деп ойлаймын. 

  Менің алға қойған мақсатымның ең бастасы жастардың арасындағы орасан мәселелер. Оларды алаңдататын мәселені шешіп, дұрыс бағдар берсем деймін. Мені қатты алаңдататыны:Олардың бір-біріне қусап, ерекшелене алмай, өз-өздеріне деген сенімсіздіктің бойларын жаулауға жол беретіндері. Жұрттың сөзінен қорхып, өзінің кемшіліктерін танып білмей саналарын бірсарынды дамытуы. Қазақ менталитетінің енгізіп қойған қатаң қағидасы, өкінішке орай тосқауылдар қояды.

  Бүгінде жастардың арасында ақылды, білгір, озат болуды БРЕНД ке айналдыру арқылы саналы ұрпақтың сапасын жақсартамыз деп ойлаймын. Оларға білім алуыды, жан-жақты болуды, басқалардан не аламын емес, не бере аламын деп қағидамен өмір сүруге талпындырсам. Еңбегімнің жемісін жоғарыда айтқан кішкене бақытты кездерімнің үзінделері деп көрсем деймін.

  

 

   



Бөлісу: