Шетелге танылған қазақ қыздары

Шетелге танылған қазақ қыздары

Қазақ қыздары өзгелерінен сұлулығымен ғана емес, іскерлік қабілеттерімен де ерекшеленеді. Ресейде танымал болып жүрген қазақ әйелдерінің есімі Орта Азия әйелдері туралы жаңа аңыздарға арқау болуда.

Жер шарындағы ең бай әйелдердің тізімінен табылатын Гога Ашкенази (Гауһар Беркалиева) - Vionnet, Paris сән үйлерінің иесі. Тараз қаласында дүниеге келген Гауһар Мәскеуде білім алып, әлемнің Лондон, Париж, Нью-Йорк, Милан сынды қалаларында өмір сүреді. Ал ресейлік ақсүйектер оған еліктейді.

Көп адам Фиат фирмасын басқаратын табысты әйелдің жанында қатар жүруді армандайды.

Forbes журналының нұсқасы бойынша, Гүлжан Молдажанова Ресейдің 20 ең үздік топ менеджерлерінің қатарына кіреді. Алматыда туылып, білім алған Гүлжан 7 000 000 $ жалақы алады. Дәл қазір Мәскеуде қызмет жасайды.

Алтынай Асылмұратова – Ваганова атындағы орыс балет театрының көркемдік жетекшісі. Әсем қаламыз Алматыда дүниеге келген. Санк-Петербург қаласында тұрады, әрі сол жерде қызмет жасайды. 80-90 жылдарда Мариинский опера және балет театрының прима балеринасы болған.

Роза Рымбаев – Кеңес әрі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әншісі. Бүгіндері оның концерттерін Ресей халқы асыға күтеді.

Наталья Аринбасарова – Кеңес пен Ресей әртісі. Мәскеуде дүниеге келіп, сол жерде білім алған. Егорь Кончаловский есімді әйгілі режиссердің анасы.

1965 жылы «Алғашқы ұстазым» атты фильмге түскен.

Ресейдің барша халқына танымал қазақ қыздарының бірі – Әлия Молдағұлова. Ол – Ұлы Отан соғысының батыры, мерген. Майданға 18 жасында аттанып, 19 жасында қайтыс болған. Қаршадай қыз 100-ге жуық фашисті өлтірген. Ақтөбе қаласында туылып, Мәскеу мен Ленинград қалаларында білім алған. Мәскеу мен Санкт-Петербург көшелеріне оның есімі берілген.

Оқи отырыңыз:

Баян Есентаеваның туған күніне күйеуі бриллиант сақина сыйлайды

Ая Бапани: "Менің музам - қазақ даласы!"

Бәрінен де сен сұлу!

Сурет: mariinka.org, milano.corriere.it, forbes.ru

Қ. Бүйенбай