Мен қалай блогер атандым?

Мен қалай блогер атандым?
жеке
блог

Сәлем, массагет! "Мен қалай блогер атандым?" эстафетасы әлі де жалғасын табуда. Мен оны қабылдадым. Меніңше өте жақсы идея. Ендеше мен қалай блогер атандым?

Шынына келсек, өзімді әлі блогермін деуге ұяламын. Себебі, жазғаным үш-ақ блог, шимайда біреу ғана. Сондықтан, ойымды толық аша алмай қалуым мүмкін.

Негізінде, мен блогерлікпен ең алғаш Блогтайм порталында айналыса бастадым. Онда мен неше түрлі суперқаһармандар жайлы оқиғалар ойлап тауып, осыны жұртшылыққа көрсетіп, бір кішігірім Marvel немесе DC секілді ұйым ашқанбыз. Бірақ, ол ұзаққа бармады. Себебі сайт танымалдылығын жоғалта бастады. Ал онда белсенді болғандар бытырап, жан-жаққа кете берді. Содан соң, блогерлік менің қаныма сіңіп қалғанын түсіндім. Сондықтан жаңа мекен іздеуге кірістім. 

Ең банальді жауап Массагет болатын. Себебі, бұл өте ауқымды портал еді. Тіпті қазір Астана уақытымен сағат 3:00, сонда да сайтта 23 адам отыр. Бұл дегенің біраз нәрсені білдіреді. Сондықтан да мен Блогтаймға жазған барлық мақаламды осы жерге көшіре бастадым. Ол мақалаларымды мына логинмен салып жүрдім: https://massaget.kz/profile/63597/

Бірақ, қалай екенін блогымды тоқтауым керек болыпты. Сол кезде блогтарымды ешкім оқымағандықтан болу керек. Ал оқиғаны жалғастыру үшін мені жетелейтін адам қажет болды. Осыдан кейін(2014 жылы) блогерлікпен уақытша қоштастым. Енді кеткім келмейді. Кетпесін десеңдер оқыңдар блогымды ☺.

Алайда, кейде ішім сыртыма симай, ара-гідік блог салып тұратынмын. Бірақ, осы жолы блогерлікке келер алдында мені жетелеген басқа нәрсе болды. Мен мұндай оқиғаларыммен біреудің алтын уақытын текке кетіретінімді және одан еш пайда болмайтынын түсіндім. Көзім анық жетті. Сондықтан да мен пайдалы блог жазғым келді. Қарапайым, шағын, ақпаратты. Осылайша стереотиптерді зерттей отырып, жаңа блогымды әзірлей бастадым. ВКонтакте топтарына да жариялап, өзімді сынап көргім келді. 

Адамдар жылы шырайлы қабылдап, мені қолдай бастады. Сондықтан блогерлікке құлшынысым ояна бастады. Дегенмен де биыл мені Ұлттық Бірыңғай Тест күтіп тұрғанын ескерсек блогтарым жаын айларда сирейтіні белгілі. Бірақ, массагеттіктерден қол үзбеуге тырысамын.