YouTube екеуміз доспыз...

YouTube екеуміз доспыз...
жеке
блог

Иә, қазір видео контентке деген сұраныс ерекше. Ал, нағыз видео платформа – YouTube. Мен уақытымның 4/1 бөлігін осы платформада өткіземін. Видео-сабақтар, әзілдер, бағдарламалар мен бейнебаяндар тамашалаймын. Сүйікті шетелдік әншілерімнің өмірлерін де дәл осы платформа арқылы қараймын. 
Сонымен қатар, арнада видеоның шығуын асыға күтіп, шыққаны жөнінде хабарлама келетін режимге қойып,  бар зейініммен, алға жылжытусыз қарайтын үш негізгі арна бар. Назарларыңызға ұсынамын:

1) ВеняПакTV
Бүгінде Америкада білім алып, сол жақта тұрақтап қалған Ресейлік азаматтың қызықты влогтары. Ол одан бөлек ағылышын тілін үйрететін арнайы видео сабақтар жүргізеді. Оның "English Like a Boss" атты қосымша арнасына жиі бас сұғамын. LinguaTrip арнасымен қосылып ағылшын тілінде дұрыс сөйлеудің жолдарын көрсетеді. Сонымен қатар, ән салып, түрлі кавер видеолар жасайды. 

 

2)Pada Pada

Кореяда білім алып жатқан қазақ қызы Кореяның тыныс-тіршілігімен таныстырады. Қазақтың әншілеріне өзге елдің тұрғындары қалай қарайтынын білу мақсатында түрлі реакция видеолар түсіреді. Жалпы, беретін ешнәрсесі жоқ. Бар болғаны, біреудің өмірін бақылаймыз. Дегенмен, соның өзін қызықты жасайды.

3)Даня Удобный

Менің сүйікті арнам. Видео-сабақты әзіл мен қызықты сәттерге толтырады. Өзінің хикаясын баяндай отырып, түрлі кеңестер береді. Болашақта, бұл адаммен кездесу мүмкіндігі туса, қуана-қуана қолтаңбасын алар едім.

 Міне, осы. Келесі жолы бұдан да өзге ақпаратпен бөлісемін. Айтпақшы, массагеттің арнасы да түрлі қызыққа толы.