Игги Азалияның шығармашылығымен таныс болыңыздар

Аметист Амелия Келли - көпшілікке И́гги Аза́лия деген атпен белгілі австралиялық хип-хоп орындаушысы. Алғашында өзінің «Pu$$y» және «Two Times» атты бейнебаяндарын YouTube-ке шығарып, халыққа танымал бола бастады. 2011 жылдың 27 қыркүйегінде Азалия бұрынғы керемет өнерлі азаматтарды халыққа қайта шығару мақсатында, «Ignorant Art» атты бірінші микстейпін шығарды.

2012 жылы Азалия XXL’s annual Top 10 Freshman-ге кірген бірінші америкалық емес рэпер болды. Сол жылдың 30 шілдесінде ол атақты рэпер T.I.-мен бірге «Glory» атты мини-дискісін шығарды. 2012 жылдың 11 қазанында әнші «Fki» және «Diplo» бірлестіктерінің қолдауымен «TrapGold» атты екінші микстейпін жарыққа шығарды.

2014 жылдың 17 ақпанында Азалия британдық әнші Charli XCX-пен «Fancy» әнін жазды. Ән АҚШ-тың Billboard Hot 100 және Англия, Австралия, Жаңа Зеландиядың ұлттық чарттарында бірінші орынға дейін көтерілді. Содан соң америкалық әнші Ариана Грандемен орындаған «Problem» және британдық әнші Рита Орамен жазған «Black Widow» әндері АҚШ-тың Billboard Hot 100 чартында тиісінше екінші және үшінші орынға дейін көтерілді.

2014 жылдың 21 сәуірінде Азалия өзінің «The New Classic» атты бірінші студиялық альбомын жарыққа шығарды.

Сурет: zort.ru