"Себебі, бұл - мен!"
жеке
блог

"Себебі, бұл - мен!"

Бұл - мен! 

Сіз кімсіз? Мен кіммін? Екеуміздің арамыз екі бөлек. Дегенмен, бізді бір тылсым күш байланыстырады. Ол - жастар танымдық порталы Massaget!

Жалпы, мен осы ортаға қайта келдім. Белгісіз себептермен, шабыттың ысырылуы ма, әлде ескі ойлардың желегінен кеткенімнен бе қайдам.. Ұзағынан жоғалдым. Жалпы, дәл осыдан 1 жыл бұрын, мен оңы мен солына қараған жас бүлдіршін едім десем де артық емес. Себебі: ол кезде мен 11 сынып оқушысымын. Әл-Фараби Қазақ Ұлттық университетінің сурет қиындыларын жинап, түсімде арман етіп жүретін арманшыл дарынның бірі едім. Журналистика факультетінен еш хабары жоқ, құлазыған қырандай арманына қарсы ұмтылған жастың бірі едім. Едім, едім тағы да едім! Яғни, бұл дәл бір жыл бұрынғы оқиға болатын. Ал, қазір ше? Қазір бәрі өзгеше. Алматыға арман қуып барған жігіттің, талдауы да, талғамы да өзгерді. Жалпы, мен - арман дейтін белеске жеткен адаммын. Яғни, өз армандарыма жету менің қолымнан келді. Және алдағы уақытта келе береді де. Бірақ, кейбір келеңсіз оқиғалар өмірімнен орын алып, менің жәй-күйімді түгел дерлік 180 градусқа өзгертіп жіберді. Ол да бір өмір ағысы шығар. Сол жағдайларға байланысты, шабытымның тұсауланып, арманымның күл-талқаны шыққаны да маған кері әсерін тигізбей қоймағаны анық. Мен Әл-Фараби Қазақ Ұлттық университетінің, өзім армандаған "Журналистика" факультетінің 1 курс студенті атандым. Жоғарыда айтып өткенімдей, мен өз арманыма жете білдім. Және осы осы арманға жету жолында қиындық атаулысының барлығын түгел дерлік жеңіп шықтым. Бірақ, бір сәтте осы жетістіктерді жойып салдым. Қалай дейсіз ғой? Мен оқудан шығып кеттім! Ия, дәл солай.. Шығып кеттім. Ешкім итермелеген де жоқ, шығарған да жоқ, қуған да жоқ.. Өз еркіммен шығып кеттім. Небәрі 3 ай студенттік шағымда мен өзімнің жаңа ортамды қалыптастырып, рухани достар таба білдім. Жанашыр ұстаздар мен көңілі ақ 4 жыл бір партада отырамыз деп серттескен топтастарға жолықтым. Бәрі, бәрі мені қуантады. Бірақ, мен кетіп қалдым. Өз туған өлкем, Шым қалаға да келгеніме міне, бір жарым ай өтіп жатыр. Баста қатты қиын болды. Сағыныш сазы жаныма маза бермей қинағанда.. Ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қатты қиын болды. Бірақ, мен сол сәттерден де өттім. Өз-өзімді тез жиып, ендігі өкінгендік дұрыс емес деген шешімге келіп, алға қарай жүре бердім. Жаңа жоспарлар құрып, жаңаша өмір сүруге дағдыландым. Жарты жолда үзіліп қалған армандарды қайта жалғап, жаңаша арман тізбегін жасап шықтым. Жалпы, енді, енді өз-өзіме келіп жатырмын. Сондықтан да, сөнген шабыттың шырағын қайта жағып, өз ортамды қайта құрайын деп шешім. Massaget порталы - бұл еркіндік ортасы! Мұнда жаныңа жылу берер бір от сәуле бар. Өмірдің сергелдең шуынан шаршағаныңда, осында келіп өз жақындарыңмен ортақтасасың. Бір жеңілдеп, жаның жәй табады. Солай, емес пе? Сондықтан, мен мұнда қаншалықты жақсы жаңалықтарды өзімнің бойыма сіңірсем, өзімнен де кеңес боларлық мәнді де мағыналы жазбаларды шығаруға тырысамын. Өз қаламын осында ұштап бастаған аға-әпкелерден, үлгі алып, солардың жасағанын жасамасақта ұқсап бағуға тырысамын. Massaget порталы қазақ жастарының өз ойын ашық жеткізетін орта болса, мен сол ортаның тарауы негізінде ең алғашқы блогымды "Себебі, бұл - мен!",- деп атауды жөн көрдім. Бұл - өз ойтуындыларымнан тұратын шағын ғана күнделік. Пайдаңызға жарайтын, ұнарлық тұстары болса түртіп аларсыз. Ал, егерде керек емес деп тапсаңыз, онда өз сөзім өзіме деп білгейсіз. Сондықтан, қош көрдік Massaget! Жаңаша шабытпен, қаламымызды жанаша сермейік!