Жасым болса он алтыда.....

Жасым болса он алтыда.....
жеке
блог

Арманнан үміт іздеген,

Пақырмын ба әлде мен,

Қиын жолды көздеген?

Адастырмас арманның,

Желегіне ілінген.

Дос па әлде дұшпан ба?

Маған қанат бітірген.

Жолың ашық пендесің,

Арманыңа сен деген.

Көзі жабық біреусің,

Үмітіңді үз деген.

Тарап жолда бұл сынақ

Не болсада көн деген.

Алла қолдап жолымды.

Ойым анық естімін.

Ерік бермес асауды,

Дес бердірмес жасауды.

Тізгін алып қолыма,

Жол бастадым МЫҢ САНЛЫ!-деп қазір келген шабыттан бөлісейінші. Жаныма жылу берген қаламым мен бір жапырақ парағым. Ішкі дабылдың жаңғырығын естіртудің жалғыз жолы десті. Өзім жайлы бір тарқатып шолып өтсем деймін. Массагет әлеміне әй-шәйсіз өзімнің мотивациялық жазбаларыммен басып кірдім. Мендегі ішкі жаңғырық ұрыны М.Дулатұлы атамыздың "Көзіңді аш, оян, қазақ, өткізбей қараңғыда бекер жасты.Жер кетті, дін нашарлап, хал Һараб боп, қазағым, енді жату жарамас-ты!1909"-оты жанып тұрған. 

Бала кезде "образға" кіріп диктор рөлін ойнағанмын, өз-өзіме сұрақ қойып, өзім жауап беремін тағы да оны шын елестеткенім соншалықты көзіме жас алатынмын. Сонда өзімді: 10-15 жылдан соң, мен атағы әйгілі журналист-саясаткер,қазақстандағы номер бір "туристтік агенттіктің" негізін қалаушы, жазушы, филантроп, филосф-публицист, полиглот, телеарна бастығы, үш баланың анасы, белгілі адамның жары ретінде, тағысын тағы, кем болғандай әнші-композитор кейіпінде.Ия, бала арман деседе мүмкін емес нәрсеге ұқсасада, мен үшін айқын мақсат болды,және әлі де солай. Адамның ой өрісі шексіз, "сенде бір кірпіш дүниеде, кетігін тап та бар қалан". Сыртымнан менің тон пішкендердің пікірінше мен "өзімшіл, арманшыл, өр-көкірек, тәкәппар" болып көрінемін десті. Дау жоқ, менің ішімдегі бұрқылдаған қазан қақпағы, өзіме деген сөнбес сенімділік, сыртымнан солай басқалар үшін үрей туғызарлық көрінуі әжеп емес. Жасым болса он алты да. Бос әупереңді суқаным жек көреді, бос сөзді, әзілді де жақтыра бермеймін, әрине астарында бір зіл жоқ болса. Ия, бәлкім отбасымның менің тәрбием жағынан көптеп шек қоюы, бәлкім тым босатып жіберуі. Айналамда болып жатқан жайыттарға аса байыппен қараймын. Өзімді қаншылықты қарапайым отбасыда дүниеге келгенімді сезінгенім соншалық, өзімнің дәрежемді соншалықты сезінемен. "Қарапайым адам" деген түсінік жоқ болатын, адамдар бай мен кедейге бөлінбей тұрып. Көп беделді адамдардың сыртынан бақылаймын, ой өрістерін бағалаймын, солай өзімді де кейде жек көріпте аламын, кейде сондай адамдардан жаңа тыныс та аламын. Қысқаша айытқанда өмірге құштарлығымды өшірмеуге тырысамын. Өйіткені, маған ешкім  "сенің қолыңнан бәрі келеді" немесе "сені жақсы көремін" деп күнде немесе күнара тіпті анда-санда да айтпақ емес.

Өз ішімнен өзім от жағып, өзім тұтанып жүрген адаммын мен. Қандай мәселе мен жағдай болмасын, жауабын өз ішімнен іздейтін. Қателіктер мен жеңілестер болса өзімді жегідей жейтін бүршіктей құрт. Мен өз жасымда көп қию жолдардан өттім, өз пайдама емес басқалар үшін көп уақытыммен күшім кеткен кездер болды. Ата-анама, достарыма айтпай қиын жұмыс жасап, қиналған жандарға көмек берген кездер де болды. Өмірде бір нәрсенің бағасын, айырылып немесе жапа шеккен соң білесің, ең құнды ол-денсаулық. Жақын адамым өмір бақи төсекке танылғанда білдім қадірін ол нәрсенің. Ең маңызды ол-иман және білім, және қателіктерден сабақ ала білу айтулы өнер.Алла сансыз мадақ жаусын, қандай жағдай болмасын, шүкірлегім аузымнан түскен емес. Саналының жетесіне жетер, бірақ Ж.Жабаевтың "..Ауырды жеңген қара жер, Сабырлы болсаң қалайда". Жылдар бойы бойыммен ойымды торлаған қара түнектен айырылудың жолын іздеген болатынмын. Ол жолдан айырылу үшін, кітап оқыдым, басқа түсініктегі адамдармен араласуды ұйғардым. Өзіме келгенде тым қаталмын, біреуге ұнауға тырыспаймын, өтірік күліге болыспақ емеспін, бәлкім, ақиқатты ақ жағында болғанымнан досымда аз болар.

Көп жас буынды білемін, уақытын бос әуремен, бос қарым -қатынаспен сарп етіп жүрген. Дау жоқ ол оның өмірі жас қой. Бірақ есті болса үлкендеріміз неге есті болмасқа, есті болатындар анау ма 18-20 жасар қаракөз-қарақаттарымыз "Қалаулым шоуға" барып, өздерін желтек тарта көрсетеді. Оларға "әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоққой". Есті болса солар болсын. Еліме сөздеріммен тілімдеп, жарасын жазар пайдам көп болмақ менің. Өйіткені халқыммен байланысым тығыз  болмақ, бұл блогты ашқан себебімде осы. Жасым бар болғаны он алтына, кезінде он үш жасында отау йесі болып, он алты жасында таққа отырған қазағымның жігіт жұртынада уәжім бар. Мақтауым бар, жатсынуым бар, күрсінуім бар. Жаплы қаламым қолда, парағым назарда. Елім сүйген жүйрік болу, халқын суйер билік құру. Жанымның танышы осы нәрсе, маған жеңіс халқыма сана мен иман бірсін. Өзім жайлы айтуым көп, бірақ оны әр жазбамның ішіне жасыруды шешетім.....

 

Бастысы мақсатым айқын, болашағым жарқын болады егерде, өзімнен алатын отым мәңгі болса.

НАЗАР САЛЫП ОҚЫҒАНЫҢА РАҚМЕТ, ӨМІРДЕ БАРЛЫҚ ЖАҚТАН АЛДА БОЛ!