Өмірлік ұстанымыңыз қандай?

 Массагеттік досым салем! Бүгін өмірлік ұстаным жайлы сөз етпекпін....Шынында мен мотивациялық әңгімелер мен адамзатына керек ақыл-кеңестерді оқығанды ұнатамын! Егер сізге де қызық болса,әрі қарай да менімен бірге болыңыз!


Хакім Абай атамыз "қара сөзін" жазардағы "Осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ" деген сөзін алға тартып,менде өмірлік ұстанымым туралы өзімше тілге тиек етуге бел будым.Әрине,менікі жұмысымның жоқтығынан емес,сіздермен өмірге деген көзқарасыммен бөлісу.


Ⅰ.Бірінші ұстаным.
Өмір...Адамдардың түр-тұлғасы,мінез-құлықтары,жүріс-тұрысы ұқсас болғанымен,тағдыр жолдары әртүрлі болып келеді.Сондықтан да,адамзатының өмірге келгенде айтар ақылдары,бөлісер тәжірибелері мен ұстанатын ұстанымдары сан түрлі.
Адам баласы өзін тұлға ретінде қалыптастыру үшін ең алдымен дұрыс ұстанымда болғаны жөн.Қазіргі кездегі түсінік "жұрт не істеп жүр","ел не дейді?","жұрттың анауы мен мынауы..." осындай болып кеткені өтірік емес. Қарапайым мысал ретінде аналарымыздың "жұрттың қыздары мен ұлдарына қызығасың" сөзін айтсақ ,қай қалаға болса да таңсық сөз деп ойламаймын. Бірінші ұстанымым жұрт үшін өмір сүрмеу,менің сана-сезіміме және іс-әрекетіме ықпал етпеуін қадағалау.Жұрт жұрт десекте,жақсы жағына қарай салыстырып,өзіндік пікірді жоғалтпау.


ⅠⅠ.Екінші ұстаным.
Сондай-ақ қуанышы мен қайғысы қатар жүретін өмірде өзгелерден өзін төмен санайтын кездер де кездеседі.Әсіресе осы ой адамды алмаға түскен құрттай жеп қояды.Менің келесі ұстанымым сен бәрінен әдемісің,озаттан да ақылдысың,мықтының мықтысысың,пысықтан да шеберсің тағы сол сияқты сөздермен жоғары санағанды мақұл көремін.
Өзіңді Алла-ның сүйген құлы,өзге құлдарынан қатты жоғары санамасақта,төмен деп ойламайық.


ⅠⅠⅠ.Үшінші ұстаным.
Үшінші ұстанымға мынадай "Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен" әдемі мақалды ұсынамын.Кез келген пенденің жақсы жаман қасиеттері болары сөзсіз.Ал сіздің қандай жақсы қасиетіңіз бар? Әрбір жанның жақсы мінез-құлқы мен қасиетін байқаған сәтте,оны бойымызға дарыта білу қажет .Өзіміздің жағымсыз жақтарымыздан емес,керісінше,жағымды тұлға ретінде көрсеткен абзал.


Ⅳ.Төртінші ұстаным.
Адамның бақытсыз болуының бірден-бір себебі -тойымсыздық.Осы шүкіршілікті де ұстаным ететін заман болды ғой өзі.Тапқан табысына,тұрған үй жайына,қасындағы қымбаттыларның барына әрбір адам шүкіршілік етеді. Хадисте "Раббың берген әр нығметке шүкір ет сонда,ең бай адам боласың" делінген

.

Ⅴ.Бесінші ұстаным.
Ең соңғы ұстанымым даналық сөздерді оқып,жан дүниеңді жандандыру.Қазақтың Қорқыт ата,Асан қайғы ,Абай тағы басқа да даналардың даналық сөздерімен ішкі болмысыңды тыныштандырып,көркейту артықтық етпес. Маған ұнайтын даналық сөздердің бірі "Жеті жағдайда сөз қозғама:
1.Кедейдің қасында дүниең туралы
2.Науқастың алдында деніңнің саулығы туралы
3.Әлсіздің алдында күш-қуатың жайлы
4.Жолы болмай жүрген кісінің алдында бақытты екенің жайлы
5.Түрмедегі кісінің алдында бостандығың туралы
6.Бедеу кісінің алдында балаларың туралы
7.Жетімнің алдында әке-шешең туралы"

Ал сіздің өмірлік ұстанымыңыз қандай?Өмірлік ұстаным ретінде нені ұсынасыз?



Бөлісу: